Бейнежазбалар тексерілген соң, 97 бала грантынан айырылды

0
173

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бейнежазбаларын қайта тексеріп, 97 баланың грантын қайтарып алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы орталық басшысы Дидар Смағұлов мәлімдеп, видеосын жариялады.

«Конституция күніне 97 балаға жақсы жаңалық! ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тест тапсырушының нәтижесі жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ Ұлттық тестілеу орталығының парақшасында жариялаймыз», — деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Фейсбук парақшасында.

Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің де қылмыстық әрекетке байланысы анықталған.

«Қараңыздаршы, қандай «батырлықпен» сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұр? Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз. Алға, әділ Қазақстан!», — дейді ҰТО басшысы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь