Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Бейбіт өмір сақшылары - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Бейбіт өмір сақшылары
16:52, 22 июня 2017

Бейбіт өмір сақшылары


Биыл — Қазақстан полициясына 25 жыл. Бүгін ауданымыздағы осы ерекше мамандық иелері өздерінің кәсіби мерекелерін  мәдениет үйінде сән-салтанатымен атап өтті. Оларды аудан әкімі Махаббат Бигелдиев шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Бүгінгі күні жергілікті жұртшылықтың  қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау қызметінде аудандық ішкі істер басқармасында барлығы 353 полиция қызметкері еңбек ететіндігін, олардың 238-і басшылық құрам болса, 104-і қатардағы жауынгер екенін тілге тиек еткен Махаббат Садуақасұлы, өткен жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші 31,4-тен – 39,9 пайызға жоғарылағанын осы саладағы жарқын жетістіктердің бірі ретінде атап өтті. Мерекеге орай, бірқатар бейбіт өмір сақшылары аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

Келесі кезекте мінберге көтерілген аудандық ішкі істер басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Данияр осы ширек ғасырда еліміздің құқық қорғаушылары қандай деңгейге көтерілгенін, қандай белестерді бағындырғанын жан-жақты әңгімелей келе, жеке құрамды алда да осы адалдық пен алғырлықтан танбай ел тыныштығы үшін күресе беруге шақырып, жиналғандарға жақсы тілегін жолдады. Мұнан кейін, сахна төрінде ауданның бірқатар полицейлері түрлі наградаларға ие болып, Құрмет Грамотасымен Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, кейбір тәртіп сақшыларына жоғарылатылған шендері салтанатты түрде тапсырылды.

 Салтанатты жиын әрі қарай аудан өнерпаздарының күшімен қойылған концерттік бағдарламаға ұласты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района