Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Бастауыш партия ұйымдарының сайысы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 14 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Бастауыш партия ұйымдарының сайысы
20:01, 27 сентября 2017

Бастауыш партия ұйымдарының сайысы


Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының іріктеу отырысы өтті. Аталмыш филиал төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек бастаған жиынға аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, аудандық мәслихат депутаттық фракция жетекшісі, саяси кеңес мүшесі Бауыржан Айнабеков, аудандық «Заман жаршысы» газетінің директор-бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Атлана Исаева, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры, аудандық мәслихат депутаты Жанар Кулиева және барлық бастауыш партия ұйымының төрағалары мен партия белсенділері қатысты.

Бұған дейін жоғарыда аталған байқау ережесіне сәйкес, аудандық партия филиалында арнайы комиссия құрылып, барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына сайыстың ережесі мен талаптары толықтай

түсіндірілген болатын. Жалпы, конкурсқа 11 ұйым қатысуға ынта білдірген. Оның ішінде, 100 бен 500 аралығындағы партия мүшесі бар БПҰ-нан 2-ші санат бойынша 5 ұсыным, 500-ден 5000-ға дейін партия мүшесі бар БПҰ-нан 3-ші санат бойынша 6 ұсыным қабылданған. Осы жиында кезекпе-кезек барлық БПҰ өздерінің бір жыл көлеміндегі атқарған жұмыстарын бейнеролик, слайд және фотоальбомдармен көрсетіп, комиссия мүшелеріне таныстырып шықты. Байқау барысында партияның 7 жобасы бойынша бастауыш партия ұйымдарының атқарылған іс-шаралары, онда жаңа тәсілдерді қолдануы, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы және жастармен бірлесіп атқарған жұмыстары назарға алынды. Барлық үміткерлердің жұмыстарын тыңдаған комиссия мүшелері критерийлер бойынша бағалап, кейбір кемшіліктерді айтып шықты. Сайыс қорытындысында аталмыш ұйымдардың төрағаларының іскерлігі, білім көкжиегінің кеңдігі, саяси дайындығы мен лидерлік қасиеттері толық ескерілді. Сонымен, барлығынан озат шығып, жұмысын жақсы көрсеткен Ержас Тоқтасынов төрағалық еткен Бірінші Май бастауыш партия ұйымына 2-ші санат бойынша 1-орын бұйырды. Ал, 2-орынды Бақытгүл Жұманбаева бастаған Елтай БПҰ жеңіп алса, 3-орынға Алпамыс Айдаров жетекшілік еткен Жандосов БПҰ табан тіреді. 3-ші санат бойынша алғашқы орынды Ғалия Аманова басқаратын Жаңашамалған БПҰ иеленсе, 2-орынды Ришад Кулунчаков төрағалық ететін Ұмтыл БПҰ жеңіп алды. Соңғы жүлделі 3-орыңды Бексұлтан Ақылбек басқаратын Шамалған БПҰ қанжығасына байлады. Енді, алдағы уақытта жеңімпаз Жаңашамалған және Бірінші Май бастауыш партия ұйымдары облыстық деңгейде өтетін жарыста аудандық филиалдың намысын қорғайтын болады.

Жалпы, жеңіске жеткендерді «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек марапаттап, диплом және бағалы сыйлық табыс етті. Сондай-ақ, ел тағдыры үшін атқарылып жатқан барлық игі істер Елбасының сарабдал саясатының арқасында екендігін нақты айтып, сайысқа қатысушыларға алғысын білдірді.

 

[ngg_images source=»galleries» container_ids=»1″ display_type=»photocrati-nextgen_basic_thumbnails» override_thumbnail_settings=»0″ thumbnail_width=»240″ thumbnail_height=»160″ thumbnail_crop=»1″ images_per_page=»20″ number_of_columns=»0″ ajax_pagination=»0″ show_all_in_lightbox=»0″ use_imagebrowser_effect=»0″ show_slideshow_link=»1″ slideshow_link_text=»[Показать слайдшоу]» order_by=»sortorder» order_direction=»ASC» returns=»included» maximum_entity_count=»500″]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района