Бастама нәтижесі толымды

0
309

Елбасының салиқалы саясатының негізі халыққа жағдай жасау екенін көрсететін өміршең жоба – «Президеттің бес әлеуметтік бастамасы» еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылуда. Осы ретте бүгін ауданымызға жұмыс сапарымен келген «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Садық Әбдіқадыров «Бес әлеуметтік бастаманың» өңірде жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов ашып жүргізген жиынға аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов мен бөлім басшылары қатысты. Отырыс барысында Елбасының «бес әлеуметтік бастамасының» әрбір бөлімі егжейлі талқыланып, ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар барысы әңгіме болды. Нақтырақ айтқанда жиында тиісті бөлім басшылары «7-20-25» бағдарламасының орындалу барысы мен аудан тұрғындарын газбен қамту орайында істеліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту бағытындадағы жұмыстар, жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселесі бойынша ауданымызда 2018 жылы мектепті қанша түлек бітіргені және де оның қаншасы грант иегері атанғаны, өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Барлығын да тыңдап, аймақ әлеуетімен танысқан Садық Әбдіқадыров әлеуметтік бастамалардың іске асырылуына оң бағасын берді.

Отырыстан кейін ауданымызға келген облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі ауданымызда «7-20-25» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында «Қарлығаш» ықшам ауданын көріп қайтты.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь