Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 01 февраля 2018 года – 264.7 тыс. человек | из них: городское – 66,1 тыс.человек | сельское — 198,6 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28304 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Бас жүлде – қарасайлықтарда - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 25 апреля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Бас жүлде – қарасайлықтарда
15:57, 27 октября 2017

Бас жүлде – қарасайлықтарда


Осы аптаның сәрсенбісінде Талдықорған қаласында, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен, «Ауылым – алтын қазынам» форумы өтті.  

Оның аясында аудан, қалалар бойынша үздік округтің немесе мекеменің қоғамдық келісім кеңесінің көрмесі қойылды. Атқарылған жұмыстар сараланып, үздіктер марапатталды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы» және тағы да басқа бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ету, сондай-ақ, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту үшін атқарылған көптеген істің қорытындысы жарияланған жиында біздің қарасайлықтардың мерейі үстем болды.

Олай дейтініміз, осы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің ІV облыстық «Ауылым – алтын қазынам» форумында 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік жұмыс нәтижесін көрсеткені үшін Қарасай аудандық Қоғамдық келісім кеңесі І Дәрежелі Дипломмен марапатталды.


Обсуждение: есть 1 комментарий
  1. Багдагуль:

    Құтты болсын! Әрдайым жеңістің биік тұғырынан көріне беріңіздер!

    Ответить

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района