Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 01 февраля 2018 года – 264.7 тыс. человек | из них: городское – 66,1 тыс.человек | сельское — 198,6 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28304 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Баршаны биімен баурағандар - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 25 апреля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Баршаны биімен баурағандар
21:33, 12 апреля 2018

Баршаны биімен баурағандар


Ауданымызда 2011 жылы құрылған «Томирис» тобы , заманға сай би өнерінің барлық бағыттарында үздіксіз жұмыс жасап қазіргі таңда ерекше кәсіби ұжымға айналған. Жыл сайын облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды еншілеп, сол арқылы Қарасай жерінің мерейін асырып жүр. Мысалға, 8 сәуір күні Алматы қаласында«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық« Нұрлы жастар» би фестивалінде бақтарын сынаған еді. Мұнда еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған қатысушылар арасында оқ бойы озық шығып, қазақ халқының болмысын сипаттайтын «Қара жорға» биімен топ жарған қыздар бас жүлдені қанжығаларына байлап, өзбек биін нақышына келтіре орындау арқылы бірінші орын иеленді.
Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда бағыты мен мақсаты айқын топ жектекшісі Нұргүл Анасқызының айтуы бойынша ұжымда 60-қа жуықөнерпаз тәрбиеленуде. Білікті маман қолға алған бұл бастамасынажауапкершілікпен қарап, әр шәкіртімен жекелей жұмыс жасап, тіпті конкурска қатысатын көйлек экскиздерін жасап, ерекше стильді өзін қол таңбасын қалдыруға тырысады. Бұдан бөлекжаңашылдыққа жана құмар жетекші жақындатой көркін ашар «Тұмар» шоу тобын құрды.Яғни олар да өз өнерлері арқылы Елбасының«Рухани жаңғыруында» айтылғандай, қазіргі таңда ұмыт болып бара салт-дәстүріміздің озық үлгілерін заманауи тұрғыда халық арасына насихаттауға өз үлесін қосып жүр.
Сонымен қатар «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші анасының жолын жалғастырп келе жатқан Нұргүл ханымның қызы, осы ұжымның түлегі Томирис Ерланқызы жуырда өткен республикалық «Қазақ аруы» телевизиялық байқауында ынталандыру сыйлығына ие болғанын айта кеткен жөн.
Ал, нәзік қыздардан құралған ұжымның алдағы мақсаты – тынбай еңбектенудің арқасында бұдан да жоғары нәтежиелер көрсетіп, халықаралық конкурстарда кең байтақ Қазақстанды күллі әлемге таныту.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района