Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Барлығы  заң  аясында  шешіледі - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Барлығы  заң  аясында  шешіледі
20:09, 05 июля 2017

Барлығы  заң  аясында  шешіледі


«Асыл Арман» тұрғын үй кешені осыдан екі жыл бұрын пайдалануға беріліп, баспанасыз жүрген бірнеше мыңдаған жандардың көңіліне қуаныш сыйлап еді. Жаңа ғимарат, жаңа аула, жаңа ойын алаңы, бәрі-бәрі де тұрғындардың жүрегіне жылу ұялатқан. Әйтсе де, бұл мекенде уақыт өте келе бірқатар мәселелер де қылаң берді. Соның бірі аталған аймақта сезілетін жағымсыз иіс еді. Ол жайт облыс көлемінде қарастырылып, аудан әкімінің күшімен шешілуде. Осы түйткіл тарқады-ау дегенде, тағы бір олқылық орын алды. Ол – «Асыл Арманға» кірер жердегі кафе, базар, дүкендердің орналасуы. Бұл жөнінде тұрғындар облыс әкімі Амандық Баталовтың жеке блогына хат жолдап, ұсыныстары мен өтініштерін білдірген. Олардың басым бөлігі жол бойында орналасқан «жайма базарда» санитарлық нормалар сақталмағандығын айтқан. Сондықтан жеміс-жидектер, ет, сүт өнімдері де саудаланатын бұл жердің жағдайын білу үшін ауданнан арнайы топ құрылып, рейд жүргізді.

Тексеріс барысына Іргелі ауылдық округінің әкімі Қ. Атшабаров, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы А. Бафиев, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А. Әбдікерімова, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж. Ботпаев, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Н. Мусин, учаскелік инспекторлар және т.б. тиісті орган қызметкерлері белсене қатысты. Алдымен олардың назары «777» кафесіне түсіп, меңгерушісі Ерлан Шадмановпен сөйлесті. Тосын тексерісте керекті құжаттарды толық көрсете алмаған ол дүйсенбі күні рұқсат қағаздарын түгендеп, аудан әкімдігіне апаруға келісім берді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района