Барлығы партия бақылауында

0
98

Партия бақылауының кезекті отырысында айтылған мәселелер толық талқыланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

 Бүгін «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық  филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтіп, бірқатар мәселелердің айналасында айтылған ойлар назарға алынды. Басқосуға бақылау комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары және арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Сағындық Жылқыбаев төрағалық еткен жиында комиссия мүшелерінің талқысына бірнеше нақты мәселе алға тартылды. Олар: бес әлеуметтік бастама шеңберінде студенттерге арналған жатақханалар салу жөніндегі жобаларды іске асыру кезіндегі партия мүшелерінің жауапкершілігі туралы; партия Жарғысындағы қағидалардың сақталуы және ішкіпартиялық мүшелерінің мүшелік жарнасы бойынша бастауыш партия ұйымдары төрағаларының жауапкершілігі туралы.

Алғашқы мәселенің мән-жайын аудандық партия филиалының кеңесшісі Ералы Рахметқожаев жан-жақты түсіндіріп, аудандағы бірқатар колледждердегі жатақхананың жағдайына қатысты олқылықтарды тізбектей жеткізді. Айтылған ақпараттардың растығын ескере отырып, кейбір білім ордаларының өкілдері өздерінің уәждері мен өтініштерін де жеткізді. Ал, комиссия мүшелері ортаға салынған пікірлерді тыңдай келе, назарға алынатынын бір ауыздан мақұлдады. Күн тәртібіндегі екінші мәселені аудандық партия филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Абылай Манабаев қозғап, бастауыш партия ұйымының жұмысына баға беріп, қаржылық-шаруашылық жұмыстарға қатысты кемшіліктерді түсіндірді.

Жалпы, комиссия отырысында аталған мәселелердің барлығы қаралып, бірқатар бастауыш партия ұйымының төрағалары тарапынан пікірлер де ескерілді. Өз кезегінде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов барлық мәселеге қатысты ойын білдіріп, әсіресе, мүшелік жарнаға қатысты жұмысты жеделдету керектігін тапсырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь