Өткен аптаның жұма күні мобильді топ Қаскелең қаласының аумағында орналасқан бірқатар банктердегі карантин кезіндегі санитарлық нормалардың сақталу деңгейін  тексерді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев жетекшілік ететін топ құрамы жеті екінші деңгейлі қаржы мекемелеріндегі  талаптардың сақталуын жекелей бақылады.  Алдымен  тексерушілер банк кіреберісінде санитайзерлер мен дезинфекциялық құралдардың бар-жоғын тексеріп, қызметкерлерінің температурасын, жазатын тіркеу кітабының    болуына назар аударды.   Рейд барысында қызметкерлердің бетперделері мен қолғаптарының болуына да үлкен көңіл бөлді. Жоғарыда көрсетілген  талаптардың сақталуы бойынша  Наурызбай батыр көшесінің бойында орналасқан «Сбербанк» және «TengriBank» мекемелеріне ешқандай ескертпелер айтылған жоқ.  Ал, «Халық Банкі», «ЦентрКредитБанкі», «Jysan», «АТФБанк» ғимараттарында  тепловизор жоқ болып шықты.  Ал, «Kaspi Bank» келушілер көп деген сылтаумен дене қызуын өлшейтін құрал бар болса да, тексеретін қызметкердің орнында жоқ екені байқалды. Сондай-ақ, санитайзерді қабырғаға емес, кіреберіс есіктің тұтқасына іліп қоюына байланысты ескерту жасалды.   «АТФБанк»,  «ЦентрКредитБанкі», «Jysan»  мекемелерінде антисептикалық құралдар тек кіреберісте ғана бар, кассалардың жанында жоқ екендігі бірден көзге түсті. Басты кеңсеге тапсырыс бергендерін айтып, олқылықтың орнын жақын арада  толтырамыз деп уәде берді.  «ЦентрКредит Банкі», «Jysan»  ғимараттарында кварц аппараты орнатылғанын айта кеткен жөн. Ал, аудандық «Қазпошта» мекемесінде қабырғада болу керек санитайзерлер және тепловизор де  жоқ болып шықты. Кассада тек бір ғана қызметкер жұмыс істеп отырғандықтан, кезекте тұрған адамдардың арақашықтығына қатысты ескерту жасалынды.

Мобильдік топтар тек қаржы мекемелерінде ғана емес,  аудандағы өзгеде  ұйымдарында санитарлық талаптардың қалай орындалатынын жіті бақылауды  жалғастыра бермек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь