Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Бөтен бала болмайды... - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Бөтен бала болмайды…
20:10, 01 августа 2017

Бөтен бала болмайды…


Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында бірқатар тұрмысы төмен отбасыларына арнайы барып, жағдайларымен танысты. Ондағы мақсат — мұқтаж жандарға көмек қолын созып, сонымен қатар, тамыздың алғашқы күнінен бастау алған «Мектепке жол» акциясы шеңберінде балалардың қажетті көмекпен қамтылуын қадағалау еді.

Алдымен, құрамында, сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің, Қаскелең қалалық әкімдігінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері бар топ Жанғозин мен Байғазиев көшелерінің қиылысындағы көне жатақхана ғимаратын мекендейтін Жүнісовтардың отбасына келді. Шағын ғана бір бөлмеде ерлі-зайыптылар төрт баласымен тұрады екен. Отағасы жүрегінің дертіне қарамастан құрылыс басында еңбектеніп, нәпақасын табатын көрінеді. Тұңғыштары оған көмекші. Ал, кейінгі екі баласына, өкінішке орай, бұл дерт тұқым қуалау арқылы беріліп, тұрақты дәрігер қарауында жүруге мәжбүр. Қазірде, міне, 9 сынып оқитын Дәуренді жүрегінде пайда болған үлкен тесікті бекіту үшін ота үстеліне жатқызуға дайындық үстінде…

Одан кейінгі кезекте анасы жағдайын айтқан Жұмаш Ибаділдәұлы да бас сүйек қысымының жоғарылығынан қылаң берген көзінің дертіне байланысты дәрігерлердің жіті қадағалауында жүрген болып шықты. Отбасындағы жалғыз баланың жарқын болашағы үшін ата-анасы ақылы емхана қызметін таңдаған. Ал, сабақты озат оқып, жақсы тәртібімен көзге түсіп жүрген Сәтбаев мектебінің 7-сыныбында оқитын Жұмаш ер жеткенде дәрігер болуды армандайтынын да жасырмады.

Екі отбасының да тыныс-тіршілігімен жақын танысқан партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ы.Амалбек аудандық білім бөліміне олардың жағдайына қарасуды, қажетті көмекті мүмкіндігінше көрсетуді, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы ананың балаларын керекті мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесуді тапсырды.

Партиялық жобалар аясындағы мұндай ізгі істер алда да жалғасын табары анық.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района