БҚО әкімі той жасағандарды хабарлағандарға сыйақы берілетінін айтты

0
229

Батыс Қазақстан облысында шектеуге қарамастан, той өткізетіндерді анықтаудың жаңа жолы қарастырылып отыр. Той туралы хабар берген тұрғындарға сыйақы төленеді. Бұл туралы өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz.

«Бізде көпшілік шараларды өткізу жайттарын анықтауға көмектескендерге сыйақы төлеу тетігі бар. Біреулер оны «сөз жеткізу, сөз тасу» деп атайтын шығар. Бірақ олай емес. Бұл – қоғамға көрсетілген көмек, қолдау. Сол үшін ақша қарастырылып отыр», – деді Есқалиев.

Комиссия сыйақының мөлшері мен дәлел келтіру тәртібін анықтайды. Ал заңсыз той өткізу туралы хабарларды полиция департаментіне хабарласуға болады.

Ал, сіз сыйақы үшін танысыңыздың тойы туралы полицияға хабар берер ме едіңіз?

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь