Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Бұқаралық спортты дамыта түсу керек - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Бұқаралық спортты дамыта түсу керек
20:03, 19 февраля 2018

Бұқаралық спортты дамыта түсу керек


Бүгін аудандық әкімдіктің алқа мәжілісі өтіп, онда аудандағы спорт және дене шынықтыру саласын дамыту  жағдайы, осы бағыттағы атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланды. Аудан әкімі Махаббат Бигелдиев төрағалық еткен жиынға оның орынбасарлары, мәслихат хатшысы, депутаттар, қоғамдық кеңестің, кәсіподақ ұйымының төрағалары, қала және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органының өкілдері, бөлімдер мен басқарма басшылары қатысып отырды.

Алдымен жиналғандар аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваның баяндамасын тыңдап, спорт саласына қатысты бірқатар мәліметтерге қанықты. Аудан көлемінде былтыр 13 000-дай адам қатысқан 70-ке жуық спорттық іс-шара өткізілген. Бұдан бөлек республикалық және халықаралық бәсекелерде бақ сынаған жерлестеріміз жүлделі орындармен оралған.

Ал, Қаскелең қаласында бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатында биыл да қолға алынар іс көп. Атап айтқанда, «Белая ладья» балалар шахмат клубы ресми түрде ашылып, былтыр құрылған баскетбол және стритбол федерациясының жұмысы жандана түспек. «Олимпик Спорт» ЖШС «Алтын ауыл» ықшам ауданында үш жылға жоспарланған «Каскелен Олимпиа Спорт» кешенінің алғашқы құрылыс жұмыстарын бастады. Бүгінгі күнге екі шағын футбол алаңы іске қосылған. Сонымен қатар, қазіргі таңда 624 млн теңге қаражатқа Қаскелең қаласында дене шынықтыру сауықтыру кешені салынуда. Аталған нысан аяқталысымен, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап екінші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі іске қосылмақ. Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» жобасы бойынша Шамалған ауылында да үлкен спорт кешені салынып жатқаны белгілі. Ал, Бекболат ауылында шағын-футбол алаңының ашылуы межеленіп отыр.

Басқа да атқарылып жатқан шаралар мен алдағы міндеттер жайлы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Қамзанов та мәлімдеді. Аудан басшысы оларға бұқаралық спортты дамыта түсу жолдарын әліде қарастырып, көрсеткіштерді ұлғайта беруді тапсырды. Өз кезегінде ортаға шыққан Шамалған ауылдық округінің әкімі Ақылбек Бексұлтан да өзі басшылық ететін елді мекендегі тұрғындардың саламатты өмір салтына деген құлшынысы, көпшілік, әсіресе жасөспірімдер қызығушылық танытатын үйірмелер жайын әңгіме арқауына айналдырды.

Алқа мәжілісін қорытындылаған Махаббат Садуақасұлы осы салаға қатысты бірқатар кемшіліктерді де атап өтіп, оларды түзетуді тапсырды.

Яғни, қала, ауылдық округ әкімдеріне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып, тәрбиелік мәні зор спорттық іс-шаралар ұйымдастыруды, әкімдіктердегі спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылардың жұмысын қатаң бақылауды, Қаскелеңдегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша іс-шараларды қолға алуды, дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттырып, 30%-дық межеге жеткізу бойынша нақты жұмыстар жүргізуді жүктеді.

Жиын соңынан тиісті қаулы қабылданды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района