АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

0
525

Елдің ертеңі үшін атқарылатын істердің жоспар-міндеттерін халыққа жеткізу – Ел Президентінің Жолдауындағы басты мақсаттардың бірі деп ойлаймын. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-ЖомаТоқаев бүгін барша қазақстандықтарға өзінің алғашқы Жолдауын жариялап, көптеген келелі мәселелерге қатысты Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді. Айтылғандардың барлығы да елді елең еткізетін өзекті тақырыптар аясында болғаны рас. Оның ішінде әрине, ішкі істер органдарына қатысты біраз орнықты ойлар мен тиісті міндеттер де айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Жолдауында сексуалды зорлық, педофилия, есірткі тасымалы, одан бөлек ауыр және балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны күшейту керектігін айтты. Сондай-ақ, мұның бәрін жедел түрде жүзеге асырып, қашанда азаматтық құқықты жоғары кою қажет екенін де түсіндірді.

Ел Президентінің алға қойған өзекті міндеттердің бірі – құқық қорғау жүйесін толық реформалау. Оны жүзеге асыруға алдағы үш жылда 173 млрд теңге бағытталатыны да мәлім болды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қаржы осы салада еңбек ететіндердің жалақысын өсіруге, тұрғын үйді жалға алуға және заманауи фронт-офистердің қалыптасуына жұмсалады. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев реформалау барысында 2020 жылдың соңына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру қажеттігін түсіндірді. Менің ойымша, бұл сапалы жұмыс жасауға негіз болатын нақты қадамдардың алды.

Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған Жолдау аясындағы бастамалар өз ретімен іске асып, жүктелген жауапкершілік орындалса, келешегіміз жарқын болатынына сенімім мол.

 

Нұржан САМИЯНОВ,

Қарасай аудандық полиция басқарма басшысының орынбасары, полиция подполковнигі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь