Талдықорғанда қазақтың бас ақынына ескерткіш орнатылады

0
123

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Талдықорған қаласында ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғарыда айтып өткендей, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Алматы облысында бірқатар іс-шаралар өтеді. Соның бірі ретінде облысы орталығы – Талдықорғанда ұлы ақынға арнап ескерткіштің орнатылуын айтуға болады.

Қазір уақытта біз конкурс жарияладық. Ескеркішті орнату үшін де бірнеше орындарды тауып қойдық. Бірақ та, бәрі ескерткішке байланысты болады. Бірінші кезекте мүсінді мақұлдап, тек содан кейін ғана орынды таңдайтын боламыз, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев.

Мұнан бөлек мерейтой аясында Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында ауқымды спектакль, әртүрлі ақпараттық кештер мен халықтық театр фестивальдері жоспарланған. Сонымен қатар, «Абайға Арнау» атты ашық республикалық байқау да өткізіліп, ондағы ең жақсы жұмыстар жинаққа енеді.

Тағы бір айта кететіні биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, Орақты батырдың 600 жылдығына және Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына да арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь