Қазақстанның кейбір өңірінде күн жылынады

0
254

13-15 қазан күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте елдегі ауа райы антициклонның ықпалында болады.

«Антициклонның әсерінен елде күн ашық болады. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарына Солтүстік циклон әсер етеді, ауық-ауық жауын-шашын күтіледі, көбіне жаңбыр жауады», — деп мәлімдеді Қазгидромет.

Болжам бойынша республикада ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, кей жерлерде жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Мегаполистердегі ауа райы төмендегідей:

Нұр-Сұлтанда алдағы күндері жауын-шашын болмайды, түнде 0 + 5°C, күндіз + 12 + 15°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы + 2 + 4°C, күндіз + 15 + 17°C жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Түнде сынап бағанасы + 5 + 7°C, күндіз + 20 + 22°C көрсетеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь