Қазақстанның барлық өңірінде мектеп бітіру кеші 12 маусымда өтеді

0
435

Білім және ғылым министрлігі хабарлауынша биылғы мектеп бітіру кеші 12 маусымда өтеді деп  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Мектеп бітіру кеші барлық мемлекеттік емтихан аяқталған соң  12 маусымда аталып өтілетін болды. Аталмыш мерекенің өткізілуіне байланысты Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева өз пікірін білдірді.

Вице-министр сондай-ақ, ведомство бұған дейін мерекені тойлаудан бас тарту туралы бастама көтергенін еске салды.  Алайда,  биығы жылы ата-аналар бітіру кеші мектепте өткізуге келіспей отыр. Өйткені, олар мейрамханаларда банкеттер ұйымдастыруға аванстық төлем жасап үлгерген. Дегенмен Министрлік жиынды оқу ордасында міндетті  өткізілуін әлі де талап етілетіндігі жөнінде айтты. Сонымен қатар, Эльмира Амангелдіқызы ата-аналарға мектеп әкімшілігіне және мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға үзілді-кесілді тыйым салынғандығын ескертті.

– Біз мектеп ұжымына ыстық ықыластарын білдіргісі келген ата-аналар немесе түлектерге оқу ордасының аумағына ағаш отырғызуға арқылы сыйлық жасауға кеңес береміз, – деді вице министр

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь