Қазақстандық жас боксшы «жыл жаңалығы» атанды

0
114

Канаданың Netboxe.com басылымының 2019 жылды қорытындысы бойынша 21 жастағы қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы BC Asia және WBC Youth World чемпионы Садриддин Ахмедов «жыл жаңалығы» деп танылған, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш басылымның материалында Қазақстанның бірінші орта салмақтағы спортшысы Канадада өзіне артылған үмітті толық ақтады. 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедов 18 жасында-ақ жарқылдап, әуесқойлар арасында үздік атанды. Ол осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста өткізген 11 айқастың барлығында жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының даңқ жолындағы жетістіктері таңғалдырады, деп жазылған.

Әуесқой бокста 251 жекпе-жек өткізіп, оның 241-інде жеңіске жеткен Садриддин 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Осы кезде оны Нұрзат Сабыров және Батыр Жүкембаев секілді қазақстандық боксшылармен жұмыс істеп үлгерген Камил Эстефанның «Eye of the Tiger Management» атты канадалық компаниясы өз қамқорлығына алған.

Жоғары техниканы меңгерген соққысы өте күшті Ахмедовты қазір кезде Марк Рэмси жаттықтырып жүр. Рэмсидің айтуынша, оның шәкірті бірнеше жылда әлем чемпионы атанады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь