Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізбек  

0
223

Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) кезекті жеңісінен кейін алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Казан қаласында өткен бокс кешінде IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте Бобыржан Момынов ресейлік Вагинак Тамразянды (17-8, 5 КО) нокдаунмен жеңген болатын. «Мені қолдап, сенім білдіргендеріңізге рақмет. Мен өте қуаныштымын. Қарсылас ым тәжірибелі, мықты спортшы. Бізді алда әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек күтіп тұр. Бұған сіздердің қолдауларыңыз арқылы қол жеткіземіз. Командама басымды иемін: спортта барлығы болады, бірақ олар маған қашанда қолдау көрсетті», — деді Бобыржан Момынов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь