Қазақстандық 16 жастағы зілтемірші әлемдік рекорд орнатты

0
223

Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионатында 16 жастағы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының мәліметше, қазақстандық спортшы қоссайыстың нәтижесі бойынша 356 келіні (158+198) бағындырып, қарсыласынан 14 келіге озып кеткен. Сөйтіп, қызылордалық Рахат 17-20 жас аралықтағы жастар арасында чемпион атанды. Тағы ерекше айта кетерлігі, ол «Серпе көтеру» жаттығу бойынша жасөспірімдер арасында әлемдік рекордты жаңартты.

Жалпы, осы Азия чемпионатына біздің елдің атынан 10 спортшы қатысса, олардың барлығы да жүлделі орынға ие болды. Нақты айтқанда, командалық есеп бойынша Қазақстан қоржынында 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар.

Естеріңізге сала кетсек, әлемге танымал, қазақстандық зілтемірші Илья Ильин жақында Өзбекстан елінде өтіп жатқан халықаралық турнирде 102 келіге дейін салмақта сынға түсіп, қоссайыстың нәтижесі бойынша 355 келіні бағындырған болатын. Осы ретте, жоғарыда біз айтқан 16 жастағы Рахаттың көрсеткіші өте таңғаларлық дүние деп айтуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь