Қазақстанда жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамтуға арналған шығындар есептелуде  

0
120

Жастар саясаты аясында ұйымдастыру іс-шараларының саны он есе қысқарады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жастар жылының іске асырылу барысын талдау қорытындысына сәйкес  мемлекеттік жастар саясатын одан әрі жетілдіруге арналған жаңа бағыттар әзірленді. Нақтырақ айтқанда,  2021 жылғы жоспарлы бюджетке түзетулер енгізіліп, осыған сәйкес бөлінген қаражаттың кемінде жартысы жастарға арналған қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй салуға және оны еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сондай-ақ,  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар саясаты аясында ұйымдастыру іс-шараларының саны мен баспа өнімдерін шығару он есеге қысқартылмақ. Оған қоса,  жастар саясаты шараларын қамтуға арналған жиынтық шығыны  500 мың теңгеге дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар,  2022 жылдан еліміздің басқа да өңірлерінің жұмысшы жастарына жалдамалы пәтер салынуы мүмкін. Жалдамалы пәтер алған жастар басқа бағдарламаларға қатыса алмайды. Ағымдағы жылы 3 000 пәтерді Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға бес жыл мерзімге жалға берілетін болады. Тұрғын үй алаңы кемінде 40 шаршы метр болса,  болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды.   Жастарға жалдамалы пәтер беруге арналған бұл бағдарлама еліміздің басқа да өңірлерінде 2022 жылы салынуы мүмкін.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь