Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения за январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,5 тыс.человек | сельское — 206,5 тыс.человек | Темп роста составляет 102,3 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29051 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Қазақстандағы XXI ғасырдың ата-аналары: өз балаңызға үлгі болыңыз» - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 19 марта 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Қазақстандағы XXI ғасырдың ата-аналары: өз балаңызға үлгі болыңыз»
12:46, 08 сентября 2018

«Қазақстандағы XXI ғасырдың ата-аналары: өз балаңызға үлгі болыңыз»


Бүгін аудандық С.Керімбеков атындағы орта мектебінде «Қазақстандағы XXI ғасырдың ата-аналары: өз балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы өтілді. 8-9 қыркүйек күндері 1 және 11 сынып оқушыларының ата-аналарына жоспарланған бұл жиынның мақсаты – жанұя мен меткеп ынтымақтастығын нығайту. Осы тұрғыда жоғарыда аталған білім ордасында 1 сынып оқушыларының ата-аналарымен психологиялық-педагогикалық тұрғыда тренинг өткізілді. Сондай-ақ, конференцияда қонақ ретінде Қарасай ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің әдіскері, қамқоршылық кеңесінің бірқатар мүшелері және С.Керімбеков орта мектебінің директоры қатысты. Алғаш сөз кезегін алған осы мектеп мекемесінің директоры Қанат Байғараев 8 қыркүйек – отбасы күнімен құттықтап, ата-аналар үшін бұл жиынның аса маңыздылығын түсіндіріп, арнайы үлкен экранда конференция бағдарламасын ұсынды. Одан кейін мектеп психологы Ақмарал Байгазиева көрсетілген бағдарлама бойынша ата-ана балаға қалай үлгі болу керек, қандай қарым-қатынаста болу сияқты сұрақтың төңірегінде баяндамысын оқып, тренинг жүргізді. Маңызды мағлұматтар алған ата-аналарда белсене қатысып отырды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района