Қазақстанда маска тақпағаны үшін айыппұл мөлшері 30 есе азаюы мүмкін  

0
122

 

Қазақстанда маска тақпағаны салынатын айыппұл мөлшерін 83 мың теңгеден 2 778 теңгеге дейін азайту ұсынылды. Бұл туралы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов мәлім етті деп хабарлайды, karasayinfo.kz  желілік басылымы.  

«Қазіргі кезде мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарастырып жатыр. Соның аясында жеке тұлғалар үшін бептерде тақпағаны үшін салынатын айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылып отыр. Біз осы жұмысқа белсенді атсалысудамыз», — деп жазды Жүрсінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлік нысандарда бетпердені тақпауға қатысты салынатын айыппұл мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, кәсіпкер өз тарапынан барлық санитарлық норманы сақтап, бетперде мен қолғаптың қажетті көлемін әзірлеп қойса, қызметкерлері мен тұтынушылардың талапты бұзғаны үшін жауап бермеуі керек. Айыппұл бетперде тақпаған адамға ғана салынуы шарт.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидимиологиялық қызметі бұл ұсынысты мақұлдап отыр.

Енді кәсіпкерлік нысанда бетперде тақпаған қызметкер немесе клиент анықталса, әрбір тәртіп бұзушылық жеке-дара қарастырылады. Ал айыппұл талапты бұзған адамға салынатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь