Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынуда

0
370

Елімізде медициналық және ветеринариялық мақсаттағы вакциналар шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, зауыт екі бағыт бойынша вакциналар шығарып, болашақта импортты алмастырады.

«Жылдық қуаты 60 миллион дозаға дейін. GMP халықаралық стандартына сай зауыт мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, медицина саласында тұмау, туберкулез, бруцеллез, коронавирус және тағы басқа вакциналарды өндіру. Екіншіден, ветеринария саласында қой шешегі, қой мен ешкінің контагиозды эктимасы, сиырлардың нодулярлық дерматиті, оба, бруцеллез тағы басқа вакциналарды дайындайды. Бұған қоса, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, биопрепараттар импортын алмастыруды және экспортқа шығару мүмкіндігін қамтамасыз етіп, отандық ғылыми-зерттеу әзірлемелерін өндіріске енгізуді арттырады», – деді Асхат Аймағамбетов.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь