Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды

0
36

Елімізде екі емделуші коронавирус індетінен айықты. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Ауруханадан ертең шығады, — деп мәлімдеді министр.

Дәурен Абаевтың айтуынша, ең алдымен бұл дәрігердің жанкешті еңбегінің жемісі. «Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медцина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы — өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді», — деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь