Қазақстанда Денис Тен атындағы мəнерлеп сырғанау академиясы ашылады

0
565

Алматыда мəнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнерлеп сырғанау академиясы ашылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жоба Мəдениет жəне спорт министрлігі, Алматы қаласының Мəдениет жəне спорт басқармасы мен спортшының анасы Оксана Тенмен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
Global Figure Skating академиясы — кезінде Денис Теннің еліміздегі мəнерлеп сырғанау спортының деңгейін зерттей келе, жеке тəжірибесіне сүйене отырып, дайындалған жоба болатын. Академия Алматы қаласындағы мұз сарайының бірінің жанынан ашылады.

Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнерлеп сырғанау академиясы Қазақстанда мəнерлеп сырғанау спортын дамытуға бағытталған бірыңғай орталық болады. Академия балалар арасында аталған спорт түрін бұқаралық деңгейге жеткізуге бағытталады. Қазір Оксана Тен Global Figure Skating академиясында балаларды баулу үшін Денисті жаттықтырған Татьяна Тарасова, Фрэнк Кэролл сынды даңқты бапкерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Мəдениет жəне спорт министрлігі аталған академияның ашылуы елімізде мəнерлер сырғанау спортының дамуына серпін береді деп жоспарлап отыр. Ал, Алматы қаласында мемлекеттік жəне жеке секцияларда 5 000-нан астам бала мəнерлеп сырғанаумен тұрақты шұғылданады. Академия ашылған соң, балалар бір орталықта дайындалады. Жуық арада жоба концепциясы мен қаржы көзі жайлы ақпарат белгілі болады.
Алдағы уақытта осындай академияны Нұр-Сұлтан қаласынан ашу жоспарда бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь