Қазақстанда Армениядан келген көліктерді тіркеу уақыты ұзаруы мүмкін

0
164

Елімізде Армениядан келген көліктерді тіркеу уақыты ұзаруы мүмкін. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, Қазақстанда Армениядан жеткізілген автокөліктерді тіркеу 1 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

– Тіркеу бойынша арнайы талаптар бар екенін ескеру керек. Үкіметтің қаулысында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу 2020 жылдың 1 қыркүйек дейін жүргізіледі деп көрсетілген. Осы уақытқа дейін барлық көлік тіркеліп үлгереді деп жоспарланып отыр. Алайда басқа жүргізушілерден қосымша өтініштер түсіп жатыр. Техникалық реттеу және метрология комитеті оң рулі сол жаққа айырбасталған көліктерді тіркеу үшін жағдай жасап отыр. Бұл көліктерді тіркеу мәселесі қаралып жатыр, – дейді ол.

Тіркеуге қандай құжаттар керек?

Айта кетейік, елімізде осыған дейін Қазақстанның ішкі істер министрлігі армян көліктерін тіркеу тамыз айының соңында аяқталатынын ескерткен еді.

Армениядан әкелінген автокөлікті Қазақстанда тіркеу үшін автокөлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 0,25% мөлшерінде (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап АЕК – 2 778 теңге) мемлекеттік тіркеу алымының және мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті әрі Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы қажет.

Сонымен қатар, Арменияның уәкілетті органында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және осы жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген, рөлі сол жақта орналасқан көліктер ғана тіркеледі. Ал рөлі оң жақта орналасқан көліктер тіркелмейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь