Қазақстан  шетелдік жұмыс күшіне рұқсат беруден бас тартты

0
99

Қазақстан 1 500-ден астам шетелдік жұмыс күшіне елімізде жұмыс істеуге рұқсат беруден бас тартты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік баслымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, әлемді шарпыған коронавирусқа байланысты елімізде жұмыс істеп жүрген шетелдік жұмыс күштері күнделікті бақылауға алынған.

– Бүгінде елімізде былтыр келген 19 мыңнан астам шетелдік азамат рұқсат бойынша жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде 1, 2, 3 санатқа кіретін мемлекеттердің бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан 7 260 өзге мемлекет өкілі бар. Ал, ақпан айында елімізден жұмыс күші ретінде рұқсат алмақ болып отырған 1 543 шетелдік болған еді. Оларға рұқсат енді берілмейді. Аталған үш санатқа кіретін елдердің азаматтарына рұқсат беру тоқтатылды. Елімізде жұмыс істеп жүрген аталған үш санатқа кіретін мемлекеттің 7 мыңнан астам азаматы үйлеріне барып келемін десе, онда қайтадан Қазақстанға кіре алмайды. Сондай талап қойылып отыр, – деді Біржан Нұрымбетов.

Айта кетейік, таяуда Қазақстан бас санитарлық дәрігерінің елде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту бойынша қаулысы жарияланған болатын. Онда коронавирус келуі мүмкін қауіпті елдер 3 санатқа бөлінген.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь