Қазақстан Президентіне үміткерлердің арасында теледебат қашан өтетіні белгілі болды

0
449

Президенттікке кандидаттар арасындағы теледебат 29 мамыр күні өтетін болды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынғы заңға сәйкес, пікірсайыстар мен пікірталастарды өткізу орталық сайлау комиссиясының еншісінде болатын. Қазіргі талап бойынша пікірсайыстарды өткізу бұқаралық ақпарат құралдарына беріліп отыр. «Хабар» телеарнасында көрсетілетін Президенттікке үміткерлер арасындағы  теледебаттың  80 минутқа жалғасып, кандидаттардың әрқайсына тең уақыт қарастырылған.

– Қатысушылар пікірталастарды өткізу регламентін сақтап, басқа қатысушыларды кемсітетін айыптаулардан, жалған, абырой мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтудан аулақ болып, пікірсайысты әдеп нормаларына сай өткізуі тиіс. Тәртіп бұзушылықтар болса, теледебатты тоқтату қарастырылған, – деді комиссия мүшесі Ляззат Сүлеймен

Үш кезеңнен тұрататын пікірсайысында алдымен, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық басымдықтары жайында айтылады. Одан кейін сұрақ-жауап үлгісінде болады. Ал дебаттың соңында кандидаттар өз үндеулерін жариялай алады. Тәртіп бойынша кандидаттардың штабынан пікірталасқа екі адам қатыса алады.

Жаңа форматта өтетін телебағдарламаға қатысты телеарна өкілі өз пікірін білдірді.

– Қазір телевизиялық пікірталастың тікелей эфирде немесе жазба түрінде өтетіндігі талқыланып жатыр. Мен осы жиналыстан кейін пікірсайысты өткізетін жұмыс тобының отырысына қатысамын. Сол жерде талқыланады. Бізде кәсіби мамандар бар. Олармен ақылдаса отырып, тиімді бір ұсыныс жасайтын боламыз. Дегенмен, заң аясында айтылған сөздердің барлығы халыққа көрсетіледі,  – деді  «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма басшының орынбасары Ринат Кертаев.

Теледебатты өткізуге жұмсалатын сома әлі де нақтыланады. Қазір арнайы келісімшартты рәсімдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь