Қазақстан мен Ресей Президенттері бір-біріне сыйлық жасады

0
57

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге естелік ретінде «Абай жолы» романын сыйға тартты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Омбы қаласындағы өткен ынтымақтастық Форумының ресми шараларынан кейін Қазақстан мен Ресей Презинденттері Қасым-Жомарт Тоқаевқа Владимир Путин бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады. Атап айтқанда Ресей мемлекетінің басшысы Қазақстан Президентіне мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлы ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің бас хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь