Вторник, 20 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жылжымайтын мүлікке құқығыңыз оңай рәсімделеді
21:49, 22 февраля 2017

Жылжымайтын мүлікке құқығыңыз оңай рәсімделеді


Бүгінгі таңда үкімет порталы арқылы әділет органдары электронды форматта 22 қызмет түрін көрсетеді. Осындай қызметтердің бірі – жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу болып табылады. Яғни, енді Қазақстан азаматтары нотариус­та келісім рәсімделгеннен кейін 1 күн ішінде әділет органдарында өз құқықтарын тіркей алады. Келісімге қол қойылғаннан кейін нотариус сатып алушының жазбаша келісімімен өзінің электронды цифрлы қолтаңбасымен құпталған құжаттарды электронды түрде «Е-нотариат», яғни бірыңғай нота­риалды ақпараттық жүйенің бағ­дарламасы арқылы аумақтық әділет органына жібереді. Жылжымайтын мүлікті сатып алушы келісімге қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасы электронды үкіметінің төлем шлюзі арқылы тіркеу үшін алым сомасын төлеуі қажет. Электронды тіркеу үшін азаматтардың электронды цифрлы қолтаңбасы қажет етілмейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласына электронды тіркеуді енгізу мемлекеттік тіркеу мерзімін 5 күннен 1 күнге дейін қысқартты, сонымен қатар жедел тіркеу үшін алым төленбейді.

Электронды тіркеудің жеке және заңды тұлғалар үшін ең басты ар­тық­шылығы – уақыт пен мате­риалдық шығынның азаюы. Енді нота­риуста келісім жасалғаннан кейін аза­­мат­тар құжаттарын ХҚКО-ға тап­сырып, әділет органдарының шеші­мін күтпейді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің электронды түрі рәсімдеу шараларын түбегейлі жеңілдетіп, кедергілерді жойып, азаматтарға қолайлы жағ­дайлар туғызуда. Қазіргі таңда осы жеделдетілген мемлекеттік қызмет түрін қолданушылар саны күннен-күнге өсуде.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района