Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Визит вице-министра - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 21 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Визит вице-министра
21:02, 16 февраля 2017

Визит вице-министра


В рамках разъяснения основных положений Послания Главы государства народу Казахстана, касающегося третьей модернизации страны, вчера в Карасайском районе побывал вице-министр национальной экономики РК Айбатыр Жумагулов.

Сначала в Каскелене, в зале заседаний районного акимата, состоялась его встреча с активом района, открыл и вел которую заместитель акима района Нұрсұлтан Жұмәділ.  Выступая перед участниками совещания, вице-министр разъяснил основные направления Послания, то, что наша цель остается прежней – войти в Топ-30. От карасайцев же держали слово руководитель районного отдела предпринимательства Акшолпан Марат и руководитель медицинской  информационно-аналитической службы района Ербол Дюсебаев.

Частью культурной программы стало посещение гостем из Астаны районного историко-краеведческого музея. К слову сказать, раньше в этом здании находилась школа-интернат, которую окончил Президент. Ознакомившись с экспонатами, Айбатыр Жумагулов оставил запись в Книге для почетных гостей.

После обеда в университете имени Сулеймана Демиреля состоялась его встреча с молодежью района. Уже здесь выступили молодые специалисты и студенты данного вуза. По их речи было видно, что они хорошо поняли суть нынешнего Послания и что в коллективах была проведена определенная работа. Говорилось о новшествах в образовании и в здравоохранении, об особенностях промышленной революции. В этой связи хорошим примером является и сам вуз, на базе которого действует современный технопарк и ведется реализация различных проектов. Не обошли стороной и культуру. Выступавший Алишер Арзамбеков, к примеру, используя современные технологии, в том числе и возможности данного технопарка, обучает людей игре на казахских народных инструментах, а также успешно реализует проект «Домбра». Таким образом, он еще и знакомит с казахскими народными традициями иностранцев. Услышав выступления молодежи, вице-министр выразил свою признательность и благодарность за большую работу, проводимую в нужном русле. Он также остановился на программе «Нұрлы жер», благодаря которой решатся жилищные проблемы многих молодых семей.

Затем Айбатыр Нышанбаевич побывал в селе Кыргауылды Райымбекского сельского округа, где посетил открытый в прошлом году  государственный детский сад «Ақ көгершін» на 320 мест, а также ознакомился с ходом строительства пристройки к средней школе на 900 мест, возводимой по программе «Нұрлы жол». Началось оно в июне прошлого года. Территория – три гектара. Строительство ведет ТОО «Alatau Construction Group». Его завершение ожидается в мае текущего года. Одним словом, визит был довольно насыщенным и продуктивным.[:kk]Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бүкіл ел ішінде үлкен талқыға түсіп, жалпы қазақстандықтар тапапынан жақсы қолдау табуда. Бүгін ауданымызға ат басын тіреген ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұловтың да жұмыс сапарының мақсаты сол – Президентіміз жария еткен стратегиялық құжаттың маңызы мен өміршеңдігін аша түсіп, басымдық берілген бес бағытты айқындау, соған қатысты алға межеленген міндеттер жайында айту еді. Аудандық әкімдіктің үлкен жиынжайындағы, барлық сала, мекеме, комитет басшылары мен қоғамдық кеңес, ұйым, БАҚ өкілдері, депутаттар қатысып, аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ жүргізіп отырған алқалы бас қосуда алғашқы сөз кезегін алған вице-министр Жолдаудың ел еншісіне берер игілігін, оны болашақтың бағдары етіп, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына жетелеу үшін жүзеге аса бастаған оңды істерді әңгіме арқауына айналдырып, осы жолда бірлесе еңбек етуге шақырды.

Келесі кезекте ортаға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ақшолпан Марат және аудандық аурухананың медициналық аналитикалық-ақпараттандыру қызметінің басшысы Ербол Дюсебаев шығып, бірі Жолдауда айтылған екінші басымдық, яғни, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту жайын, келесісі, төртінші басымдықта тілге тиек етілген медициналық сақтандыру мәселесін әңгіме арқауына айналдырды.

Жиыннан соң астаналық қадірменді қонақ кезінде Елбасы оқыған мектеп болған, қазіргі Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейіне барып, ондағы кезең-кезеңге бөлініп топталған жәдігерлерді тамашалау арқылы көптеген қызықты мәліметке қанық болды. Естелікке суретке түсіп, арнайы кітапқа тілегін жазып қалдырды.

Ал, түс ауа ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов Қаскелең қаласындағы С.Демирел атындағы университетте аудан жастарымен жүздесті. Мұнда кезек-кезек ортаға шыққан жас мамандар, Алмалыбақ орта мектебінің мұғалімі Б.Аймаш пен Н.Смағұлованың, аталған оқу орнының студенттері М.Түктібаева мен А.Арзамбековтың жігерге толы жалынды сөздерінен Жолдаудың білім мекемелерінде және жастар арасында жан-жақты талқыланғаны анық аңғарылып тұрды. Әсіресе, студенттердің тарихи құжаттағы екінші кешенді міндет болып саналатын еңбек өнімділігін арттыру бойынша негізгі фактор ретінде өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу, яғни, автоматтандыру жайын жақсы зерттеп, осы мақсатта СДУ-де Технопарк базасы негізінде машиналық оқыту қолданылатынын, сол арқылы түрлі жобалар ойластырылып жатқанын айтуы көңілге қонымды болды. Содан кейін Айбатыр Нышанбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділдің жол көрсетуімен, Қырғауылды ауылына барып, алдымен осындағы былтыр ашылған «Ақкөгершін» мемлекеттік балабақшасын аралады. Келесі кезекте, осы елді мекендегі Қырғауылды орта мектебі жанынан  салынып жатқан 900 орындық жапсарма құрылысымен жан-жақты танысты. Айта кету керек, бұл құрылыс нысаны өткен жылы маусымда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған болатын. Жалпы, 3,0 га аумақты алып жатқан жапсарманы қазір «Alatau Construction Group» ЖШС салуда. Нысан құрылысы осы жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района