Жаттығу залдың жақсы бастамасы

0
2111

Жуырда, көктемнің көркем мерекелеріне орай, «Амир Жим» жаттығу залының  мүшелері Қаскелең қаласындағы орталық алаңда акция ұйымдастырды. Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен бұл шарада кезінде ырғақты дыбысты өлең қойылып, музыкалық сүйемелдеумен фитнес бапкерлер опен-эйр сергіту жаттығуларын жасады. Оған кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар қатысып, командамен бірге белсене аэробикамен айналысып, әртүрлі билерге атсалысып, көңіл көтерді.

Көктемнің ашық ауа райында ұйымдастырылған тамаша ойындар, флешмобтар барлық қатысушыларға қатты ұнап, оның ішінде, әсіресе, жас балақайларға ұмытылмастай әсер қалдырды. Оларға ересектерден бөлек би сайыстары мен спорттық конкурстар ойластырылған болатын. Сонымен қатар, үзіліс кезінде іс-шара жүргізушілері барлық асыл жандыларды халықаралық мерекелерімен құттықтап, қалған «Амир Жим» жаттығу залының белсенділері жеңілдік қарастырылған абонементтер таратты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь