Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жандосовтықтар жағдайы да жақсарып келеді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жандосовтықтар жағдайы да жақсарып келеді
19:12, 31 января 2017

Жандосовтықтар жағдайы да жақсарып келеді


Биыл Жандосов ауылдық округі де басшылық назардан тыс қалмай, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар оңды істер қолға алынатын болады. Мысалы, Шалқар ауылының жаңа көшелеріне құбыр тарту жұмыстары жалғасын табады. Бұл осы округтегі сан жылдар тізбегінде күн тәртібінен түспей келе жатқан ауыз су мәселесін түбегейлі шешуге ықпал ететіні анық. Мұндағы былтыр құрылысы басталған 600 орындық жаңа мектеп ел игілігіне беріліп, ал, ескі ғимарат балабақшаға айналады. Аталған елді мекеннің Жамбыл, Болашақ, Жандосов ауылының Омаров, Балдырған көшелері жөндеуден өткізіледі және тағы да бірқатар жолдарды тегістеу бойынша жобалау сметалық құжаттары жасалады.

Жалпы, жандосовтықтар үшін өткен жыл да нәтижесіз болмаған көрінеді. Ресми мәліметтеге сүйенсек, 8,0 млн. теңге    қаржыға

400 метр  магистральды   ескі   құбыр   ауыстырылып, Шалқар   ауылының   Абай  көшесі  және  Қайрат ауылына дейін қатынайтын 3 мың 177 шаршы метр жол жөнделген. 17 млн. теңгеге электр желілері жаңартылып, бағаналары ауыстырылған. Су құбырларын қалпына келтіруге де 9 млн.-нан астам қаржы қосымша бөлініп, игерілген.

Алайда, тіршілік болған жерде тұрмыстық мәселелердің туындауы заңдылық. Кеше аудан әкімі Махаббат Бигелдиев пен округ әкімі Алпамыс Айдаровтың халық алдындағы есеп беру-кездесу жиынында жандосовтықтар жоғарыда айтылғаннан басқа да әлеуметтік мәселелерге назар аударды. Солардың кейбіріне тоқталсақ, ауылдық учаскелік полицейдің отыратын ғимараты жоқтығы, жеке бизнес нысанында орналасқан Шалқар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның тар әрі суықтығы, қоғамдық көліктің тасымалдау қызметінің нашарлығы және Жандосов пен Үшқоңыр ауылының ортасына жүретін автобустың керектігі, саяжайларда әлі де ұрлық-қарлықтың азаймай тұрғандығы сөз болды. Әсіресе, шалқарлықтардың аманатын арқалап келген Г.Құбашева Қаскелең қаласы мен Үшқоңыр ауылын жалғайтын трасса бойындағы Шалқар елді мекенінің тұсында жол-көлік апаты мен адам қағу оқиғалары жиілеп кеткендігін тілге тиек етіп, осы жерге тиісті жаяу жүргіншілер мен автокөліктерге арналған белгілерді орнатып беруді сұрады.

Барлық айтылғандарды мұқият тыңдаған Махаббат Садуақасұлы қоғамдық көлік, дәрігерлік амбулатория, елді мекендер шетіне жаңадан түсіп жатқан тұрғын үйлердің жағдайын бақылауды, учаскелік полицей отыратын орынды қарастыруды және өзге де сұрақтардың жай-жапсарын анықтауды сол жерде тиісті мекеме басшыларына жүктеді. Ал, шалқарлықтардың аманатына қиянат жасамай, қайғылы оқиғалардың орын алуына себепкер болып отырған жол бойындағы арнайы белгілер қою мәселесін шешуге күш салатынын, сондай-ақ, округке мәдениет үйін салып беруді өтінгендерге берген жауабында болашақта мұнда дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызу ойда барын жеткізді. Өз сөзін Елбасы жақында жариялаған Үндеуге халықты пікірлерін білдіріп, үлестерін қосуға шақыра отырып қорытындылаған аудан басшысы жиналғандарға жаңа жылда жақсылық пен береке бірлік тіледі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района