Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жаңашамалғандықтар да жұмыстарды жақсы бағалады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жаңашамалғандықтар да жұмыстарды жақсы бағалады
12:08, 25 января 2017

Жаңашамалғандықтар да жұмыстарды жақсы бағалады


Жаңашамалған ауылдық округінің тұрғындары да аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің өткен жылы атқарған жұмысына жақсы бағасын берді. Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебіне жиналған жұртшылық алдында алдымен аталған округке қатысты қолға алынған игі істер қорытындыланып, келешек еншісіндегі мақсат-міндеттер сөз етілді. Мұнда тұрғындар тарапынан да бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, шаруа қожалықтарының пайдалануындағы суармалы су құнының көптігі, арықтардың жағдайы, ауылдардағы фельдшерлік-акушерлік қосындардың ескіргені, жедел-жәрдем көліктерінің жетпейтіні, кейбір көшелер жөндеуді қажет ететіні, халық санының өсуіне орай, әлі де мектеп пен балабақша керектігі сияқты әдеттегі шешімін күтетін әлеуметтік сұрақтармен қатар, осы округтен өтіп жатқан темір жолдың айналасындағы мәселелер де алға тартылды. Яғни, округті екіге бөліп жатқан шойынжолдың екі жағындағы жол қиылыстарына бағдаршам, бейнебақылау камераларын орнатылса, тіпті, мүмкіндік болса, аспалы көпір салынса, банкоматтар қойылса деген ұсыныстар айтылды.

Барлығын мұқият тыңдаған аудан әкімі Махаббат Бигелдиев кейбір мәселелерді шешуді сол жерде тиісті орган басшыларына жүктеп, биыл, өзі уәде еткендей, округтегі жаңа мектепке баратын жолға асфальт төселіп, төтенше жағдай орын алған фельдшерлік-акушерлік қосын қалпына келтірілетінін жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района