Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қуандық Рахымның ән кеші - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 20 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қуандық Рахымның ән кеші
19:50, 15 февраля 2017

Қуандық Рахымның ән кеші


Енді ғана танылып келе жатқан жас талантты әнші Қуандық Рахым алғашқы гастрольдік сапарын ауданымыздан бастады. Көрермен лық толған кеште оның ерекше толқуын аңғару қиын болмады. Отанға деген сүйіспеншілігінен туған әнмен басталған концертте ол Елбасының туған ауылына құрмет білдіріп, жергілікті халыққа деген бір табан жақындығын көрсетіп, музыканың, аспаптардың сүйемелдеуінсіз көрерменмен бірге жанды дауыста «Үшқоңыр» әнін шырқады. Сондай- ақ, ол тек эстрада ғана  емес, халық әндерін де нақышына келтіріп, өз биігінде орындады. Қазақтың қара домбырасын күмбірлете тартқанда қалың көрерменнің арқасы қозып, қиқуға басқаны жиналғандарды жігерлендіре түсті.

Эстрада әлеміне қадам басқанына бір жылдай уақыт болған жас әнші бүгінде 15-ке жуық ән жазып үлгерген. «Сенің күлкіңнен аумайды», «Қалай да!», «Естелік», «Бақытсыздау бақыттымыз», «Өзгермеймін» әндерінің орындаушысының аздаған кикілжіңге тап болғаны да белгілі. Ол жақында шыққан «Болайық бірге» атты туындысының төңірегінде өрбіді. Өзбек әншілерінен ұрлады деп жатқан тыңдармандарға ол жауап ретінде ешқандай да плагиат еместігін жеткізді. Тиісінше, оның авторлық құқығы өзінде екенін ескертті. Тағы айта кететіні, осы әнді алғашқыда Гаухар Сардарбек есімді қызбен орындап шығып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленген еді. Ал, қазір Альбина Шардаровамен бірге айтып жүр. Оның себебі, Гаухардың ата- анасы және ұстаздары гастрольдік сапармен сырт қалаларға жібермейтін көрінеді.

Қаскелеңдегі аудандық мәдениет үйіндегі концертке Қуандықтың өмірдегі және өнердегі достары да қолдай келді. Олар да өз үлестерін қосып, жас әншінің тұсаукесер кешінің сәнін келтірді. Осылайша үлкен сахнаға енді ғана тәй- тәй басқан жас талант иесі көпшілік қауымға шын жүректен алғысын айтып, ниет білдіргендермен естелік «селфиға» түсіп, алғашқы жеке кешін түйіндеді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района