Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.СДУ-дағы донор күні - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 19 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
СДУ-дағы донор күні
21:53, 22 февраля 2017

СДУ-дағы донор күні


Донор деп – жаралыларға немесе науқастарға өз қанын берген адамды айтады. Көпшілік арасында олар туралы, жалпақ тілмен айтқанда, «бейбіт күнде ерлік жасаушы» деген анықтама бар. Сондықтан да еліміздің барлық аймақтарында кез келген жағдайға дайын болу үшін қан қоры жиналады. Бүгін осы игі іске Қаскелең қаласында орналасқан Сулейман Демирел университетінің студенттері де өз үлестерін қосып жатыр. Екі күнге жоспарланған донор күні «Сіздің бір тамшы қаныңыз – аман қалған бір өмір!» атты ұранды алға тартады.

Республикалық қан орталығының Қызыл Ай қоғамы және аталмыш университеттің «Шапағат» студенттер клубы біріге отырып жүзеге асырған акцияда алғашқы күні-ақ 50-ге жуық студент қатысты. Алдымен медицина қызметкерлері ниет білдірушілердің гемоглобин мөлшерін, қан қысымын тексеріп, бұрын соңды қауіпті жұқпалы аурумен ауырмағандықтарына көз жеткізді. Қатысушыларға бірінші тәтті шай мен печенье ұсынып, процедура біткен соң бекітілген 567 теңге көлемінде өтемақы берді.

Айта кетейік, бұл алынған қанды дәрігерлер жүрек, қантамыр, аққан ауруларына шалдыққандарға және төтенше жағдайда көп кан жоғалтқандарға құяды. Осы арқылы бір тамшы қан бір адамның өмірін құтқарады деуге толық негіз бар.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района