Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Рахым» рухани демейтін болады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Рахым» рухани демейтін болады
22:36, 20 февраля 2017

«Рахым» рухани демейтін болады


Денсаулығының жоқтығынан, дене бітімінің дұрыс болмауынан ол баланың өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, сонымен бірге, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы да қиындай түседі. Биылғы жыл басынан ауданымыздағы «Рахым» қайырымдылық қорының жанынан құрылған «Рахым» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қолдау орталығы осындай санаттағы балаларға рухани демеу болып, олардың денсаулығының оңалып, қоғамнан елеулі орын алуына күш салуды мақсат тұтады. Есігін ашқанына енді ғана бір ай толған орталықтың жұмысы бүгінде қызу жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде еміне шипа іздеп, рухани демеу тілеп келген ерекше санаттағы балалар орталықтан өздеріне қажетті барлық жағдайды алу үстінде. Мұндағы дәрігерлер, психолог, логопед мамандары 3 пен 18 жас аралығындағы ерекше санаттағы балаларды қабылдауға, әр баламен ерекше жұмыс жасауға дайын. Нәтижелер де жоқ емес. Мәселен, 6 жастағы Аяна осы орталықтың табалдырығын аяғының ұшымен басып аттаған болса (диагнозы ДЦП), бұл күнде табанын жерге толық қойып, жүретін болған. Үнемі массаждың көмегіне жүгіну, психологпен тығыз байланыста жұмыс істеу, тілінің мүкістігіне байланысты логопедтің қызметі Аянаны кәдімгідей өзгертіп, оңалтты деуге болады.

Орталықты ұйымдастырып, жұмысын жүргізуге ұйытқы болып отырған «Рахым» қайырымдылық қоры кеңесінің төрайымы, құрылтайшы Райхан Байтанова, сауықтыру орталығының директоры Светлана Әділқызының бастамасымен алдағы уақытта есіктің алдына суға балықтар жіберіліп, балалар сол балықты қармақпен өздері аулайтын жағдай жасалмақшы. Бұл балалардың санасын тынықтыруға, ойын жетілдіруге көп септігін тигізеді деп күтілуде. Сол секілді, есік алдында иппотерапия жасауға да зор мүмкіндік бар. Есік алдындағы емдік судың құбыры да болашақта игеріліп, емделушілерге ұсынылатын болады. Мұның бәрі де балалар денсаулығын түзеп, оларды өз ортасына қосу үшін жасалып жатқан игі қадамдар екені даусыз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района