Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Патриотизм мен дін кеңінен сөз болды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 22 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Патриотизм мен дін кеңінен сөз болды
22:56, 23 февраля 2017

Патриотизм мен дін кеңінен сөз болды


Бүгінгі қоғамның өзгерген бейнесі туралы сөз қзғалғанда, еліміздің құндылықтарын ертеңге жалғайтын жастардың келбеті қоғамды қатты алаңдатуда.  Өйткені, айқын бейнесі мен түпкі мақсатын жасырып, ел мен ұлттың болашағы саналатын өскелең ұрпақты теріс пиғылда тәрбиелеп, тура жолдан тайдыруға тырысып жүргендердің қатары көбейіп келеді. Алайда, оларға қарсы іс-шараларда өткізіліп, жастарға насихаттық жұмыстар да кеңінен жүргізілуде.

Соның бірі бүгінгі Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінде 150-ге жуық студенттің қатысуымен өткен семинарды айтуға болады. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастырған бұл бас қосуда басты тақырып «Қазақстандық патриотизм және дін» болып, оны Иршат мешітінің бас имамы Бабаназар Махаммадинұлы және ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Азат Үкібаев жүргізіп отырды. Олар жастарға дәстүрлі дініміз ислам екенін, ол жас ұрпақтың санасына ізгілік дәнін сеуіп, нәр беретінін баса айтып, бұдан бөлек, патриотизм деген түсінік – атаның баласы болу ғана емес, халқымыздың, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға талпынатын ұл-қызы болу дегенді білдіретінін түсіндірді.

Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни ағымдар жайлы жастардың сауатын ашатын мол ақпаратпен бөлісті. Жиында студенттердің арасынан белсенділік танытып, мінбеге аталмыш оқу орнының 4-курс студенті Айгерім Тәжібаева шығып, дін тақырыбында өзі дайындаған ақпаратты оқыды.

Қатысып отырғандар да қозғалған мәселелерге қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, пікір бөлісіп отырды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района