Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Обырға қарсы онкүндік - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 19 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Обырға қарсы онкүндік
19:31, 01 февраля 2017

Обырға қарсы онкүндік


[:ru]Бүгін, 4-ақпан дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аясында, еліміздің барлық аймағында «Менің қолымнан келеді, бәріміздің қолымыздан келеді!» атты ұранмен «Онкологиялық аурулардың алдын алу» онкүндігі басталды. Жалпы, ол күндері, яғни, 1-10 ақпан аралығында, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің арнайы бағдарламасы негізінде халықты ақпараттандыруға баса көңіл бөліп, қатерлі ісіктің алдын алу, науқастардың болашаққа деген сенімін нығайту көзделіп отыр. Осыған орай, аудандық орталық аурухананың ұйымдастыруымен, саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Дана Таждинова, онколог Муса Уралбаев, психологтар Марал Дзюкенова, Шолпан Картабаева «Аяжан» медицина колледжінің студенттеріне онкологиялық ауруларды уақытында анықтау мен оның алғашқы белгілері туралы денсаулық сабағын өткізді.

Ақ халатты мамандар жүргізген дәріс барысында, обыр түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы екені, оның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болып келетіні кеңінен талқыланды. Бұдан бөлек, басқа ауруларда кездесетіндей, оны асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғатыны да тілге тиек етілді. Ал, оны алдын алу үшін дəрігерлер студенттерге скрининг тəсілінің тиімділігін, статистикалық көрсеткіштерді жіті айтып, денсаулыққа немқұрайлықпен қарамауды, уақытында тексерілу керектігін ескертті. Сонымен қатар, аурушаңдылық арасында обыр жиі кездесетін жəне өлім-жітімге əкелу жағынан жүрек-қан тамыр ауруларынан кейін екінші орынды алатыны да айтылды.

Келесі кезектегі жүздесулер алдағы күндері аудандық емханада, «Жәрдем» колледжінде және Шамалған бекетіндегі ауылдық ауруханасында өтетін болады.

[:kk]Бүгін, 4-ақпан дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аясында, еліміздің барлық аймағында «Менің қолымнан келеді, бәріміздің қолымыздан келеді!» атты ұранмен «Онкологиялық аурулардың алдын алу» онкүндігі басталды. Жалпы, ол күндері, яғни, 1-10 ақпан аралығында, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің арнайы бағдарламасы негізінде халықты ақпараттандыруға баса көңіл бөліп, қатерлі ісіктің алдын алу, науқастардың болашаққа деген сенімін нығайту көзделіп отыр. Осыған орай, аудандық орталық аурухананың ұйымдастыруымен, саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Дана Таждинова, онколог Муса Уралбаев, психологтар Марал Дзюкенова, Шолпан Картабаева «Аяжан» медицина колледжінің студенттеріне онкологиялық ауруларды уақытында анықтау мен оның алғашқы белгілері туралы денсаулық сабағын өткізді.

Ақ халатты мамандар жүргізген дәріс барысында, обыр түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы екені, оның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болып келетіні кеңінен талқыланды. Бұдан бөлек, басқа ауруларда кездесетіндей, оны асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғатыны да тілге тиек етілді. Ал, оны алдын алу үшін дəрігерлер студенттерге скрининг тəсілінің тиімділігін, статистикалық көрсеткіштерді жіті айтып, денсаулыққа немқұрайлықпен қарамауды, уақытында тексерілу керектігін ескертті. Сонымен қатар, аурушаңдылық арасында обыр жиі кездесетін жəне өлім-жітімге əкелу жағынан жүрек-қан тамыр ауруларынан кейін екінші орынды алатыны да айтылды.

Келесі кезектегі жүздесулер алдағы күндері аудандық емханада, «Жәрдем» колледжінде және Шамалған бекетіндегі ауылдық ауруханасында өтетін болады.

[:]


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района