Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Мектептің құрылысымен танысты - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Мектептің құрылысымен танысты
21:45, 23 января 2017

Мектептің құрылысымен танысты


Жуырда, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Төлеген, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы М.Анаркулов, аудандық мәслихаттың депутаттары А.Гасанов пен Е.Выгай «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Қырғауылды ауылындағы 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

Оның барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Кеңесұлы«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылау үшін аудандық  мәслихаты депутаттары партиялық фракция мүшелерінен арнайы комиссия құрылғанын, сонымен қатар, ай сайын олардың тарапынан бір рет құрылыс жүріп жатқан жерде болып, жұмыстың сапасы мен қаржының мақсатты жұмсалуына бақылау жасайтынын айтты. Сондай-ақ, заман талабына сай бой көтерген осы білім ордалары оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге үлкен мүмкіндік туғызатынын да тілге тиек етті.

Сонымен жұмыс барысымен мұқият танысқан комиссия мүшелері жауапты басшыларға кейбір мәселелер жөнінен ескертулер жасап, алдағы уақытта да құрылыс нысандарының осылай бақылауда болатынын айтты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района