Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Әлеуметтік сала қызметкерлерімен жүздесті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 20 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Әлеуметтік сала қызметкерлерімен жүздесті
0:02, 10 февраля 2017

Әлеуметтік сала қызметкерлерімен жүздесті


Президенттің биылғы БАҚ арқылы жолдаған кезекті жолдауын қазірде халық қалаулылары ел ішінде кеңінен насихаттап, түсіндіріп, талқылап жүргені белгілі. Бүгін осы мақсатта ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев арнайы ат басын бұрып, қарасайлықтармен жүздесіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Жұмыс сапары барысында онымен Алматы облысы мәслихатының хатшысы Серік Мұқанов та бірге жүрді. Ал, қадірменді қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ мен «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Төлеген қарсы алып, білім және денсаулық сақтау салаларында, атқарылып жатқан жұмыстармен және шешімін кұтіп тұрған кейбір мәселелермен жақын таныстырды.

Алдымен халық қалаулысы Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының мәжіліс залына жиналған ұстаздар қауымымен жүздесті. Мәжілісмен өз сөзін қай кезде болмасын Елбасының жерлестеріне үлкен жауапкершілік артылатынын алға тартудан бастап, жалпақ жұртқа қатар жолданған Президенттің Үндеуі мен Жолдауының мән-маңызына кеңінен тоқталды. Мемлекет басқарушысының өз өкілеттілігін Үкімет пен Парламентке бөліп беруі еліміздің саяси тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай екендігін, бұл да Ұлт Көшбасшысының алдымен экономика, сосын барып саяси реформа деген ұстанымының ұтымды жүзеге асып келе жатқандығының, Қазақстанның ішкі өмірінің айтарлықтай деңгейге көтерілгендігінің көрінісі болып табылатындығын тілге тиек етіп,   «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты соңғы Жолдаудың бес басымдығы беретін игіліктерді барынша айқындап берді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда қоғамда үлкен талқылауға түсіп жатқан Ата Заңның 26-бабына өзгерістер енгізу мәселесіне де тоқталып өткен Бейбіт Баймағамбетұлы жер мүлік болып есептелмейтінін, ол ешқашанда шет ел азаматтарына мәңгілікке берілмейтінін сөз етіп, алып қашпа әңгімеге ермеуге шақырды. Заңды қабылдаумен қатар оны жүзеге асыру жағы да барын айтып, ертеңгі күннің кемел болуы үшін бүгін барша қазақстандық өзіндік үлесін қосуы керектігін жеткізді. Ашық әңгімелесу, пікір алмасу түріндегі бас қосу барысында мұғалімдер де өздері еңбек ететін салаға қатысты бірқатар сұрақтарды алға тартып, мәжілісмен назарына ұсынды. Жалпы айтқанда, үш ауысымды оқыту жүйесін жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, орыс тілі пәнін оқытатын мұғалімдердің жетіспеуі, жаңартылған білім бағдарламаларына мектептердің базалық жасақталуы, әсіресе, соңғы кездері үлкен алаңдатушылық туғызып, әлеуметтік желі арқылы балалардың өміріне қауіп төндіріп отырған «Көк кит» ойыны турасында сауалдар жолданып, оларды шешу жолдары талқыланды. Соңғысына қатысты айтсақ, отбасындағы тәрбиені бекемдеп, балалардың бос уақытын бақылауды күшейту керектігі айтылды.

Дәл осындай кездесу мұнан соң аудандық орталық аурухананың қабырғасында да өтіп, жұмыс сапарымен жүрген қонақтар ақ желеңділермен де жүздесті. Бұл жерде бас дәрігердің орынбасары Зарыққан Сатыбалдинова ауданымыздың денсаулық сақтау саласы жөнінде жан-жақты мәлімет беріп, кейбір шешімін күтіп тұрған мәселелерге де назар аударды. Олар негізінен Қаскелең қаласында тағы бір емхана, халық мол шоғырланған, өнеркәсіптер көп орналасқан Жаңашамалған мен Елтай ауылдық округтеріне ауылдық аурухана салуға, жедел жәрдем көліктерінің аздығына қатысты болды. Сонымен қатар, дәрігерлер тарапынан да, қазіргі кезде жүрек, қан тамыр аурулары жиілеп кеткендігі айтылып, аталған дерттің алдын алу үшін арнайы рентгендік зерттеу жүргізетін құрылғының қажеттігі алға тартылды. Мұнда да Елбасының жаңа Жолдауы дәрігерлер арасында талқыланып, үлкен қолдау тапқандығы әңгімеленіп, соның ішіндегі міндетті медициналық сақтандырудың өзектілігі жан-жақты сөз болды.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Мамраевтың ауданымызға жұмыс сапары Қырғауылды ауылындағы «Ақ көгершін» балабақшасында түйінделді. Былтырғы жылы «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында ашылған мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің тыныс-тіршілігімен танысқан халық қалаулысы бөбекжай ұжымымен де жақсы әңгіме өрбітіп, Жолдаудың басым бағыттарын басшылыққа алып, жарқын болашақ жолында жұмыла еңбек етуге шақырды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района