Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа – 5 жыл - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 16 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа – 5 жыл
23:33, 17 февраля 2017

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа – 5 жыл


[:ru]Бүгін Қарасай ауданында орналасқан Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің бес жылдық шағын мерейтойын атап өтті. Атаулы күнге орай, аудандық сот ғимаратында ұйымдастырылған конференция жұмысына Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр аудандарының, Қапшағай қаласының білім бөліміне қарасты қамқоршы және қорғаншы органдарының мамандары, прокуратура өкілдері, ювеналды полиция тобының инспекторлары, судьялар мен сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Тарихқа сәл шегініс жасап өтсек, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы съезінде Елбасы мемлекетімізде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарды құру туралы бастама көтерген екен. 2008 жылы 2009-2011 жылдары аралығында әділетті ювеналдық құрылымды дамыту туралы Концепция мақұлданды. Сөйтіп, осыдан бес жыл бұрын, Президентіміздің Жарлығына сәйкес, Алматы облысында №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарасай ауданы Қаскелең қаласында құрылған. Бастапқыда аталған сот төрағасы болып Ф.Ф.Абдуллин тағайындалса, 2014 жылдан бүгінгі таңға дейін сотқа Б.Т.Күзембай төрағалық етуде.

Конференция барысында алғашқы болып мінберге шыққан сот төрағасы Берік Тілеуғалиұлы өзі басқаратын органның қызметі жылдан-жылға жетілдіріліп келе жатқанын, істердің саны көбейгенін, бүгінгі таңда сотта қызметтік қарым-қатынас дұрыс жолға қойылғанын, бұл жөнінде ұжымның ұйымшылдығы және еңбек ахуалы дәлел болатынын атап айтты. Нақты деректер келтіргенде, 2012 жылы барлығы 48 қылмыстық, 275 азаматтық,  127 әкімшілік іс қаралса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, азаматтық істер саны 722, әкімшілік  іс саны 419 болған. Осының өзі жұмыстың жыл сайын жүйеленіп, қарқын алып келе жатқандығын айғақтай түссе керек.

Сонымен қатар, басқосу барысында ҚАІІБӘПБ-нің аға инспекторы А.Садыков кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы, Қапшағай қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органының сектор маманы А.Қалиева аталған орган жұмысы жайында баяндама жасап, жақсы мағлұмат берді.

Жиын соңында сот төрағасы Б.Күзембаев біріге белсенді қызмет атқарғандары үшін бірқатар инспекторлар мен мамандарды Мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапаттады. Конференция соңы Азаматтық процессуалдық Кодекстегі өзгерістерді қарастыруға арналған дөңгелек үстелге ұласты.[:kk]Бүгін Қарасай ауданында орналасқан Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің бес жылдық шағын мерейтойын атап өтті. Атаулы күнге орай, аудандық сот ғимаратында ұйымдастырылған конференция жұмысына Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр аудандарының, Қапшағай қаласының білім бөліміне қарасты қамқоршы және қорғаншы органдарының мамандары, прокуратура өкілдері, ювеналды полиция тобының инспекторлары, судьялар мен сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Тарихқа сәл шегініс жасап өтсек, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы съезінде Елбасы мемлекетімізде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарды құру туралы бастама көтерген екен. 2008 жылы 2009-2011 жылдары аралығында әділетті ювеналдық құрылымды дамыту туралы Концепция мақұлданды. Сөйтіп, осыдан бес жыл бұрын, Президентіміздің Жарлығына сәйкес, Алматы облысында №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарасай ауданы Қаскелең қаласында құрылған. Бастапқыда аталған сот төрағасы болып Ф.Ф.Абдуллин тағайындалса, 2014 жылдан бүгінгі таңға дейін сотқа Б.Т.Күзембай төрағалық етуде.

Конференция барысында алғашқы болып мінберге шыққан сот төрағасы Берік Тілеуғалиұлы өзі басқаратын органның қызметі жылдан-жылға жетілдіріліп келе жатқанын, істердің саны көбейгенін, бүгінгі таңда сотта қызметтік қарым-қатынас дұрыс жолға қойылғанын, бұл жөнінде ұжымның ұйымшылдығы және еңбек ахуалы дәлел болатынын атап айтты. Нақты деректер келтіргенде, 2012 жылы барлығы 48 қылмыстық, 275 азаматтық,  127 әкімшілік іс қаралса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, азаматтық істер саны 722, әкімшілік  іс саны 419 болған. Осының өзі жұмыстың жыл сайын жүйеленіп, қарқын алып келе жатқандығын айғақтай түссе керек.

Сонымен қатар, басқосу барысында ҚАІІБӘПБ-нің аға инспекторы А.Садыков кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы, Қапшағай қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органының сектор маманы А.Қалиева аталған орган жұмысы жайында баяндама жасап, жақсы мағлұмат берді.

Жиын соңында сот төрағасы Б.Күзембаев біріге белсенді қызмет атқарғандары үшін бірқатар инспекторлар мен мамандарды Мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапаттады. Конференция соңы Азаматтық процессуалдық Кодекстегі өзгерістерді қарастыруға арналған дөңгелек үстелге ұласты.

 [:]


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района