Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ел еркесі - Есенқұл - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 24 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ел еркесі — Есенқұл
22:45, 23 февраля 2017

Ел еркесі — Есенқұл


Бүгін Қарасай аудандық мәдениет үйінде «Ел еркесі — Есенқұл» атты Е.Жақыпбековтың өлеңдеріне жазылған әндерден республикалық әншілер байқауы өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 78 үміткер қатысты. Айтулы өнер додасына Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші Саят Медеуов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Жұматаев, композитор, «Үшқоңыр» ФЭА көркемдік жетекшісі Бағлан Омаров, ақын, композитор, продюссер Бауыржан Есебаев қазылық етті.

Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған ерке ақынның құрметіне арналған бұл ән бәйгесінде бас жүлдеге 500 000 теңге тігіліп отыр. Ал, бірінші орынды ұтқан үміткер 300 000, екінші орынды иеленген әнші 150 000, үшінші орынға лайық деп табылған өнерпаз 100 000 теңге ақшалай сыйлыққа кенелетін болады. Сонымен қатар, Е.Жақыпбековтің сөзіне жазылған «Жаңа ән» номинациясына қосымша 100 000 теңге арнайы жүлде белгіленген.

Ертең, яғни, 24-ақпанда, Қарасай аудандық мәдениет үйінде, сағат 15-00-де галоконцерт өтеді. Сол жерде жеңімпаздардың есімі анықталып, марапатталатын болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района