Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Discovery арналар топтамасы алғаш рет қазақ тілінде - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 20 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Discovery арналар топтамасы алғаш рет қазақ тілінде
19:45, 13 марта 2017

Discovery арналар топтамасы алғаш рет қазақ тілінде


Discovery Showcase HD телеарнасы Қазақстанда хабар таратуын бастайды.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан Discovery Networks CEEMEA, серіктесі «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамымен бірлесе отырып, елімізде жаңа — «Discovery Showcase»SD (№102) және HD (№126) қолжетімді болатын телеарнасын іске қосады. Арна  «OTAU TV» жерсеріктік хабар тарату желісінің «Толық» ақылы арналар топтамасында қол жетімді. Discovery ең үздік саналатын – Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra секілді телеарналарының танымал шоу бағдарламаларын біріктіреді. Сонымен қатар, көрермендер эксклюзивті материалдарды тек Discovery Showcase арнасынан көре алады.

Бірінші кезеңде көрерменге телебағдарламалар қазақ тілінде прайм-тайм уақытында ұсынылады (18:00-ден 24:00-ге дейін). Жыл бойы мемлекеттік тілдегі бағдарламалар үлесі ұлғаятын болады және 2018 жылғы қаңтардан бастап барлық мазмұны толығымен қазақшаланады. Сонымен бірге, көрермен өзінің қабылдағышының параметрлерінен арнаны орыс және ағылшын тілдерінде көруді таңдай алады. Бірінші болып қазақ тіліне «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану», «Таңғаларық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламалары және Discovery Networks-тың басқа да маңызды жобалары аударылады.

Осылайша, енді OTAU TV абоненттері бүкіл әлем телекөрермендерінің жүректерін жаулаған анағұрлым рейтингі жоғары бағдарламаларды қазақ тілінде көре алады. Бұл жобаның айтарлықтай ерекшелігі ұлттық жерсеріктік OTAU TV телевизиясы желісі  жаңа телеарнаны көрермендерге бірінші болып ұсынып, біздің миллионнан астам абоненттер эксклюзивті контентке абоненттік төлемнің артуынсыз қол жеткізе алады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района