Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Дарынды оқушылардың слеті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 20 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Дарынды оқушылардың слеті
23:14, 27 февраля 2017

Дарынды оқушылардың слеті


Әрбір орта білім беретін мекеме оқушыларды сапалы сауаттандыруды, зерттеу жұмысына баулуды және шығармашылық қабілеттерін шыңдауды мақсат тұтады. Осы ниетте мектептерде әр алуан шаралар ұйымдастырылады. Жақында ғана ауданымызға қарасты Алмалыбақ орта мектеп- гимназиясында өткен «Дарынды және талантты оқушылардың XIII слеті» (слет – қандай да бір мекеменің массалық жиыны) осы сөзімізге дәлел бола алады. Әр жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жобаға биыл жоғарғы оқу орындарынан оқытушылар қазылар алқасы ретінде келді.

Слет барысы бес секциядан тұрды. Бір мезгілді әр түрлі кабинеттерде өткен қоғамдық- гуманитарлық, жаратылыстану, физика- математика бағыттарында ғылыми зерттеу жобаларымен таныстырған оқушыларға Абай атындағы  ҚазҰПУ-дан Саян Жиренов, Дина Боранқұлова, Әділхан Шоқанов, Сулейман Демирел университетінен Хафиза Ордабекова, Құралай Мұхамади, Райхан Абнасырова төрешілік етті.

Әсіресе, акт залында өткен дебат қызу жүрді. Алғашқы топ Бастыс пен Шығыс елдерін өзара салыстырды. Батысты жақтаушылар экономика, спорт, технология салаларын алға тартса, қарсыластары  Шығыстың рухани байлықты бірінші орынға қоятындығын дәлелдеп бақты. Сондай-ақ, экология мәселесінде де оқушылар қырағылық танытты. Спикерлер ең үлкен нәрседен емес, қарапайым істен бастау керектігін ұқтырғысы келді. Мысалы, қоқысты кез келген жерге тастамай, арнайы жәшікке лақтыруға шақырды. Бұл бөлімде аға оқытушы Ақбота Абиыр қатысушылардың аяқ алысын байқады.

Әлеуметтік тақырыптардағы жобаларда ғаламторға тәуелділік, өзін-өзі тану, компьютер ойындарының пайдасы мен зияны, өз- өзіне қол жұмсаудың зардабы жайында сөз қозғалып, тәлімгерлер ізденімпаздығын көрсетті.

Тағы бір айта кететіні, қыл қалам шеберлерінің салған суреттері, ұлттық нақыштағы киімдер, киіз үй, құрақ көрпе және қағаз бен моншақтардан жасалған бұйымдар қойылған көрме де ұйымдастырылды. Әр қайсысы еңбегімен таныстырған жас қолөнершілердің өнертуындыларына доцент Мият Джанаев пен аға оқытушы Бауыржан Найманов оң бағасын беріп, ыстық ықыластарын білдірді.

Жиынды қорытындылай келе қонақтар өз таңданысын жасырмады. Яғни, Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауында көрсеткен: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген тапсырмасының осы білім ордасында орындалып жатқандығына көз жеткізген қазылар алқасы ой-пікірлерін ортаға салды. Бәрінің де көңілі толып, болашақ зерттеушілердің, ғалымдардың, талантты әрі дарынды оқушылардың шоғырланған мекені екенін айтуды ұмыт қалдырмады. Озық ойлы оқушыларды тәрбиелеп келе жатқан мектеп директоры Сәуле Махамбетоваға және оның ұжымына алғыс білдіріп, алдағы уақытқа сәттілік тіледі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района