Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қазы айналдырудың қыр-сыры - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 19 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қазы айналдырудың қыр-сыры
16:33, 21 февраля 2017

Қазы айналдырудың қыр-сыры


Шөптің шүйгінін жеп, судың тұнығын ішетін жылқы малы текті жануар болып табылатыны белгілі. Ал, оның қазысы – етінің кәделі мүшелерінің бірі. Қазыны  сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді. Ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Жалпы, жылқының ішкі ағзалары басқа малдардыкімен салыстырғанда тез тазаланады. Ішегіне су жіберіп, ішін сыртына қайырып алып жақсылап тазалап алу қажет.

Қазы жасау үшін екі бұғана, екі тілшеден басқа қабырғалар алынады. Шеміршегінен ажыратылады.  Қазыны тіліп, қажет деп санаса бұрыш пен сарымсақ қосып тұздау әркімнің өз еркінде. Ішекке кіргізіп, төмен қарай жылжытып отырады. Ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек. Болған соң, түйреуішпен түйреп қояды. Жайып, суын сорғытады. Қазыны өте тығыз айналдыруға болмайды, себебі, жарылып кетеді. Екі қазыны біріктіріп жасаса, яғни, айналдырса жұп қазы болады. Оны 2-2,5 сағатқа жайлап пісіреді.

Сонымен қатар, жылқының ішмайынан шыртылдақ жасайды. Турап, шыжғырып, сүзіп алады. Майына бал не құмшекер қосып, дастарханға қояды. Жалпы, Қамбар ата төлі майының да пайдасы зор екенін де естен шығармаған жөн. Себебі, оның бір қасиеті – холестерин жинамайды және суықта тоңдырмайды. Бұрынғы заманда әжелеріміз шала туған нәрестелерді ешқандай медицинасыз, осы жылқының майымен сылап-ақ адам қатарына қосып алған…


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района