Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Қазақстан жастары патриот па? - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 22 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Қазақстан жастары патриот па?
0:10, 10 февраля 2017

Қазақстан жастары патриот па?


Сәрсенбінің сәтінде осындай тақырыпта, аудандық орталық кітапханада жалынды да жігерлі жастарымыз пікірталасқа түскен дебат болды. Үшқоңыр ауылдық кітапханасы мен Шалқар ауылындағы Ломоносов орта мектебі ұйымдастырған шарада аталған білім ордасының 8-11 сынып оқушылары жақтаушы және даттаушы болып бөлініп, тақырыпқа қатысты өз көзқарастарын дәлелдеуге тырысты. Мысалы, «Жалын» тобының спикерлері қазақстандық жастар қазір патриоттықтарын анық байқатып, түрлі халықаралық додаларда топ жарып, еліміздің атын әлемдік деңгейде шығарып жүргенін алға тартып, айтқандарын бейнекөріністер арқылы дәлелдеп берсе, оларға қарсы пікір ұстанған «Ақиқат» тобының құрамы кейбір қатарластарының егемендігіміздің басты нышаны болып табылатын көк байрағымызды киімге айналдырып киюін, допқа бейнелеп алып тебуін, тіпті, бәз-біреулердің онымен қоқыс шығаруын сынға алды. Бұл ретте ана тілімізге деген құрмет, ұстаздарға деген ілтипат, үлкендерге деген сыйластық тақырыптары да жақсы қамтылды. Яғни, неге қазақстандық жастар ана тілін шұбарлауға бейім немесе неге қыздарымыз шетел азаматтарына тұрмысқа шығуға құлшынып кетті деген сияқты сұрақтар төңірегінде ой қозғалды. Бір сөзбен айтқанда, қос тарап та қоғамдағы кездесіп қалатын келеңсіздіктерді қарама-қайшы пікірмен ортаға сала отырып көрсете білді және осы мәселені шешу жолдарын бірге қарастырды. Негізінен, әлі де мектеп қабырғасында жүрген жасөспірімдердің осындай өзекті жайттарға мазасыздық танытып, проблема етіп көтеріп отырғандықтарының өзі өскелең ұрпағымыздың отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа деген ұмтылысының айғағындай жан сүйсінтті десек, орынды. Тіпті, пікірталас соңында жалындықтардың қарсыластарына отандық өнімге қолдау білдіруге, туымыздың бейнесі ешқашан аяқ астында жатпасын деген мағынада «Қазақстан» шоколадын тарту етуі, ал, ақиқатшылдардың оларға әрдайым бір нәрсені үйренуге талпынып, жақсысын түртіп жазып жүру үшін қойындәптерлер сыйлауы да сәтті шықты. Осы орайда, пікірталас тақырыбын дәл тауып, шараны ұтымды ұйымдастыра білген Үшқоңыр ауылдық кітапханасының меңгерушісі А.Үмбеталиева мен Ломоносов орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Алғазиеваның еңбектерін ерекше атап кетуге болады. Ал, пікірталасты қорытындылаған, құрамында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы бастаған оның мүшелері мен аталған білім ордасының мұғалімі Д.Сатыбалдиева болған қазылар алқасы екі тарап спикерлерінің де алғырлықтарын жақсы бағалап, тапқырлықтары мен талпыныстарына тәнті болып, тең ұпай берді. Яғни, түпкі мақсаты оқушыларды кітапханамен жақындастыра түсу, сол арқылы жастар бойындағы отансүйгіштікті арттыруға ықпал ету болған бұл игі шара діттеген бағытына жетті деуге негіз бар.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района