Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Ауылшаруашылық кооперативтерін құру – уақыт талабы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 16 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Ауылшаруашылық кооперативтерін құру – уақыт талабы
20:50, 07 февраля 2017

Ауылшаруашылық кооперативтерін құру – уақыт талабы


Қаңтар айының соңғы күні ел Президенті жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында әр сала бойынша жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағытында бүгінде арнайы топтар құрылып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Солардың бірі бүгін ауданымызда болып, ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерімен кездесті. Ондағы мақсат – жолдауда көрсетілген төртінші басымдық — аграрлық секторды экономиканың жаңа драйверіне айналдыруға қатысты екінші тапсырма — бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау қажеттігі туралы мәселені талқылау еді. «Алматы облысы елді мекендерінде кооперацияны дамыту және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету үшін жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану» атты аймақтық семинар кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы  топ жетекшісі Ерлан Ильясов, Қазақ Ұлттық Аграрлық  Университетінің өкілі  Үкілай Керимова, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ Алматы облысы филиалының  директоры Мәди Ибадуллаев тақырыпқа қатысты егжей-тегжейлі мәліметтер берді. Жалпы айтқанда, бүгінгі таңда елімізде ет пен сүт бағытында өз тіршіліктерін түзу жүргізіп келе жатқан жеке қосалқы шаруашылықтар үлкен әлеуетке ие екендігі байқалады. Олар мемлекетімізде өндірілетін жалпы ауылшаруашылық өнімінің басым бөлігін құрайды екен. Мысалға, Алматы облысы бойынша айтқанда, 14 ірі сүт зауыты мен 150-ден астам ет өңдейтін цехтар бар болғанымен, олардың өндірістік жүктемесі 70 пайызға да жетпейтіні анықталған. Сол себепті, шаруаларға кооперацияларға бірігіп, басым бағыттарды ескеріп, сүт қабылдайтын және мал бордақылайтын алаңдар ашу ұсынылды. Ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасап, мүмкіндіктерді қарастырып қойған. Яғни, күш біріктірген еңбек ұжымдарына «Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан» төмендетілген пайызбен несие беріледі, субсидия бөлінеді.

Бұдан бөлек, жиын барысында тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде кооперациялар туралы елімізде барлығы 6 заң қабылданғаны, бірақ олар дұрыс жұмыс жасамағаны, енді ондағы кемшіліктер түзетілгені айтылып, ауыл еңбеккерлері бірігіп, халықаралық сауда ұйымының талаптарына сай, қазақстандық брендтегі табиғи өнім шығаруы керектігі сөз етілді. Осыған сай, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың тиімділіктері де жан-жақты баяндалды. Яғни, біріккен шаруалардың барлығының құқығы тең, ұжымға кіруге де шығуға да ерікті. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізіп, жеңілдетілген несие алу, кепілсіз жабдықтарды сатып алу, түскен пайданы тең бөлу арқылы бұл бастаманың пайдалылығын байқауға болады. Ал, жанар-жағар май,тыңайтқыш, тұқым, жем-шөп, тағы басқалармен тиімді бағамен қамтамасыз етіліп, арнаулы салық режимінде 70 пайыздық жеңілдік берілетінін ескерсек, оның үнемділігі де анық көрінбек. Ең бастысы еңбектеніп дайындаған өнімді еш кедергісіз өткізуге жол ашылмақ.

Аудан әкімінің орынбасары Мақсұт Джапаров төрағалық етіп,  жеке шаруа қожалықтарының басшылары, ауыл әкімдері, ауылшаруашылық саласының мамандары, аудандық жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысып отырған бас қосуда ауыл еңбеккерлері де өздерін толғандыратын сұрақтарын тиісті мамандарға тікелей жолдап, толыққанды жауаптар алды. Ал,  аудандық фермерлер одағының төрағасы, «Жетісу» АӨК-нің басқарма басшысы Ж.Исағұлов өзінің жеке тәжірибесінен кооперациялар құрудың ұтымдылығы мен тиімділігін байқағанын тілге тиек етіп, бірлік болған жерде тірлік болатынын алға тартып, шаруаларды мүмкіндікті пайдаланып ел өркендеуіне үлес қосуға шақырып, жиналғандар атынан кездесуге келген қонақтарға үлкен алғыс білдірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района