Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Аудан әкімі Үшқоңырда - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Аудан әкімі Үшқоңырда
21:45, 25 января 2017

Аудан әкімі Үшқоңырда


Бүгін, Елбасының кіндік қаны тамған жер Үшқоңыр ауылдық округінде аудан басшысының кезекті есеп беру жиыны өтті. Өте керемет көңіл күйде қарсы алған үшқоңырлықтар, аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің өткен жылы атқарған жұмысына оң бағасын берді. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерге арналған көпірге, күрделі жөндеуден өткен көшелерге тұрғындар өз тарапынан ризашылығын білдірді.

Үшқоңыр мәдениет үйінде жиналған жұртшылық алдында алдымен аталған округке қатысты қолға алынған жұмыстардың сәтті аяқталғаны қорытындыланып, келешек еншісіндегі мақсат-міндеттер сөз етілді. Мұнда, сондай-ақ, көкейіндегі сауалдарын алға тартқан тұрғындар да болып, олар негізінен ауыл көшелері мен қаңғыбас иттерге қатысты бірқатар мәселелерін айтты. Бұдан бөлек, осы округтен Жандосов ауылдық округіне баратын жолға бағдаршам орнатылса, сонымен қатар, балаларды сауықтыру орталығы салынса деген ұсыныстар айтылды.

Барлығын мұқият тыңдаған аудан әкімі Махаббат Бигелдиев округ тұрғындарына толыққанды жауап беріп, бірқатар ой-пікірлердің назарға алынатынын айтты. Ал, кейбір мәселелердің шешілуіне уақыт пен қаржы керектігін және де барлығы өз кезегімен орындалатынын жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района