Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Асылы ардақталған, ақыны мадақталған гала-концерт - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 20 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Асылы ардақталған, ақыны мадақталған гала-концерт
20:50, 24 февраля 2017

Асылы ардақталған, ақыны мадақталған гала-концерт


Бүгін аудандық мәдениет үйінде кеше басталған, Жамбылды пір, Мұқағалиды ұстаз тұтқан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясының, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, оннан аса кітаптың авторы, белгілі айтыскер ақын Е.Жақыпбековтың рухына арналған «Ел еркесі – Есенқұл» атты республикалық ән байқауы тамаша гала-концертпен қорытындыланды. Бұл ретте, еліміздің түкпір-түкпірінен сексенге жуық жас әншілер қатысып, ақынның сөзіне жазылған әдемі әндерді әуелете шырқаған бұл жобаның авторы әрі демеушісі аудан әкімі, өнер мен мәдениет жанашыры Махаббат Бигелдиев екенін де алдымен айта кеткен жөн.

Әуелі, сахна шымылдығын Есағаның жан тебірентер жалынды жырларынан құралған композиция ашып, әрі қарай көрсетілген бейнекөріністе ақынның өлеңмен өрілген өмірінің кей сәттері айқын айшықтала түсті. Келесі кезекте, кешелі-бері үміткерлердің орындауындағы шығармаларды сын көзбен саралап, бағалап отырған қазылар алқасы кідірместен ортаға шығып, жеңімпаздар дипломмен және ақшалай сый-сияпатпен марапатталды. Атап айтқанда, «Жаңа ән» номинациясы бойынша марапатқа Жамбыл ауданынан келген Д.Алғысбек, Е.Шаңбай мен М.Жылқышыбаев дуеті, павлодарлық Е.Амантай мен А.Бахытқан лайықты деп танылып, ақын, композитор, продюссер Бауыржан Есебаевтың қолынан 70 мың теңге ақшалай сыйлықтан алды. Ал, байқау нәтижесі бойынша ІІІ орынды иемденген тараздық Мейіржан Самылтыров, талдықорғандық Жаңыл Мерсимова және алматылық Жасұлан Мұсағали әрқайсысы 100 мың теңгеден қанжығаларына байлады. ІІ орынды жеңіп алған, Шығыс Қазақстан облысынан келген Қаниев Әліби мен  талғарлық Әдикенов Әділетке әнші Саят Медеуов 150 мың теңгеден тапсырды. Қазылар алқасының төрағасы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы І орын биігінен көрінген жерлесіміз Мұқатай Баймұхаметке 200 мың теңгенің сыйақысын табыс етті. Соңынан осы игі іске ұйытқы болған аудан басшысы Махаббат Садуақасұлы сөз сөйлеп, халқын сұлу жырымен, тәтті өлеңдерімен сусындатып, рухани байытып, артына өшпес мұра қалдырған ақынның қандай құрметке болмасын лайық екендігін алға тартты. Барлық атсалысқан ардақты азаматтарға, уақыт бөліп келген көрерменге үлкен алғысын білдіріп, солардың арасында отырған Есенқұл Жақыпбековтың жары Меңсұлу Сұлтанқызын сахна төріне шақырып, қазақтың жақсы жөн-жоралғысымен иығына кестелі шапан жапты. Сонымен қатар, бас жүлдегер атанған, Қарағандыдан келген Дінисламбек Жайлаубаевты марапаттап, 300 мың теңгенің сертификатын тапсырды.

Әрі қарай, Есенқұл Жақыпбековтың өлеңдеріне жазылған әндер алма-кезек шырқалған тартымды концерт бастау алып жүре берді. «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық  ән-би ансамблі ашқан бағдарламада байқау жеңімпазы әйгілі «Біздің елдің жігіттері» әнін қара домбыраның сүйемелдеуімен әдемі орындаса, танымал актер Бекжан Тұрыс «Алдай-ау, алдай, алдай-ау» әнін шырқап, жиналғандардың жүрегін шымырлатты. Сонымен қатар, қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Досымжан Таңатаров пен Бағлан Әбдрайымов та кешке өз үлестерін қосып, «Маралым», «Мен сені жақсы көрем» сияқты әндермен тыңдарманды тамсандырса, театр және кино актеры Әсет Иманғалиев «Өнер адамы» деген ақынның туындысын тебірене орындап берді. Аталған байқаудың өзге де жүлдегерлері ақын шығармаларын жанды айтқан гала-коцерттің Саят Медеуовтың орындауындағы, ақын о дүниелік болған соң, М.Бигелдиевтің сөзіне, Б.Есебаевтың әніне жазылған «Есаға» әнімен түйінделуі де көрерменді керемет әсерге бөледі.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района